Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят болар дедім": Димаш ғимарат қабырғасына салынған суретіне пікір білдірді

Опубликовано:

Алматыда Сейфулин мен Қабанбай көшелерінің қиылысында орналасқан ғимараттың қабырғасына Димаш Құдайбергенннің муралы салынды. Барша қазақстандықтар бұл жайтқа аса тәнті болғанымен, әншінің өзі оны жар салуды ұят деп шешкен. Өнер иесі қаланың ортасында салынған суретіне қатысты қандай ойда екенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: Instagram

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында өзінің муралын салып тер төккен суретшілерге өз алғысын жаудырды. Алайда, бұл жаңалықты көпшіліктен сүйінші сұрап, жария етуден әнші аулақ болып шықты.

"Алматы қаласында Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің сыйлығын көргенде жүрегіме жылулық орнап, іштей рахметімді айтқан болатынмын. Алайда, Димаш Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім.

Қазіргі таңда, осынша қиын жұмысқа еңбегі кеткен азаматтарға алғыс айтуды жөн көріп отырмын. Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін. Және барша қолдаушыларыма шын жүректен алғыс білдіремін.Үлкен рахмет" , - деп жазды Димаш Құдайберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1868011-at-bolar-dedim-dimas-gimarat-kabyrgasyna-salyngan-suretine-pikir-bildirdi/

pixel