"Жүрегімнің иесі бақытты": Әнші Шахизада махаббатын кезіктіргенін айтып қойды

Опубликовано:

Шахизада Байбатжанова отыр
Фото: Instagram/shahizada.art

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Шахизада Байбатжанова желіде аса әсерлі жазбасымен бөлісті. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған әнші өмірлік серігін енді ғана кезіктірген көрінеді. Ол жүрегінің иесі екеуі де аса бақытты екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шахизада Байбатжанова қазіргі уақытта басынан нағыз махаббатты өткеріп жатқанға ұқсайды. Өнер иесі Instagram парақшасында барша оқырмандарына біреуді құлай сүйіп қалғанын жасырмай айтқан.

Эстрада жұлдызы махаббат жайында аса әсерлі жазба жариялап, ғашығы бар екенін айтып қойды. Әдетте, жеке өмірі жайлы адам баласына тіс жармайтын ол бұл жолы ағынан жарылған.

"Шын сую және шынайы сені сую. Өмірдің мәні осында! Таза махаббат адал махаббат қана сені алға жетелейді. Сүйе білген бір бақыт. Жасыңның қаншада екені маңызды емес, жүректің қаншада екені мен үшін маңызды. Осы сезімді түсініп, өмір сүрген адам ғана бақытты. Мен бақыттымын Аллама шүкір. Жүрегімнің иесі бақытты. Бүгін осындай ойлармен ояндым" , - деп жазды Шахизада.

Желі қолданушылары өнер иесі үшін шын қуанып, оған өз қолдауын білдірген.

"Әр әйел бақытты болуға лайықты" , "Махаббатыңыз баянды болсын. Тез арада тұрмысқа шығуыңызды нәсіп тесін" , "Толықтай келісемін, қай жаста болса да маңызды емес", "Дұрыс айтасыз. Бақытты болыңыз" , "Сіз шын бақытқа лайықтысыз" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, желіде жақында ғана ажырасқан Ақбота Сейітмағамбеттің бейтаныс жігітпен түскен суреті тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869772-zregimni-iesi-bakytty-nsi-sahizada-mahabbatyn-keziktirgenin-ajtyp-kojdy/