"Найманмын": Өзі туралы қауесеттерге жауап берген Әли Оқапов желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Әли Оқапов табиғат аясында
Фото: Instagram/aliokapov

Отандық танымал әнші Әли Оқапов соңғы уақытта өзіне қатысты түрлі әңгімелер мен қауесеттер көбейіп кеткендіктен, оларға ел алдында жауап беруді шешті. Өнер иесі бар шындықты ашамын деп көпті күлдіртті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаеваның ұлы өзіне қатысты ақпараттарға шынайы жауап бермек болып, түсірген видеосымен Instagram парақшасында бөлісті. Видео басында Әли Оқапов өзін барынша салмақты ұстап, елге шындығын жайып салуға дайын екенін айтқан.

"Құрметті достар, соңғы жаңалықтар, әңгімелер мен қауесеттерге байланысты мен мұның бәріне өзім жауап бергенім дұрыс болар деп шештім. Соза берудің не қажеті бар? Онсызда бәрі біліп қойды. Ресми түрде жариялаймын. Бұл шындық. Мен шынымен де найманмын" , - деді әнші.

Желі қолданушыларының барлығы өнер иесі өзінің үйленгенін растайтынын күткен. Алайда, Оқапов бұл жолы да жеке өміріне қатысты пікір білдірмей қойды. Көпті қызықтырған мәселені қалжынға айналдырып жіберген ол елді күлкіге қарық қылды.

Оған қоса, бейнежазба соңында әншінің өзі де күлкісін әрең тыйып тұрғанын аңғаруға болады.

"Қатырдың, сонша күткенім де. Үйлендің ба, соны айтсаңшы" , "Әлиелді әбден қызықтырып біттің. Қашан мойындайсың отбасылы болғаныңды" , "Бәрі біліп те қойды. Мойындамасаң да болады" , "Күлкіден өлдім. Шынымен айтады екен деп күтіп отырсам" , "Соңына дейін қарадым. Айтатынына сенімді болдым. Бірақ, Әли бұл жолы да айласын асырды" , "Найман екеніңді бәрі біледі" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, 19 тамыз күні желіде Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойынан суреттер тарап, Әли Оқапов екеуінің расымен шаңырақ көтеріп жатқаны белгілі болды.

Кейін жұлдызды ене Роза Рымбаева келіні туралы қандай ойда екенін ашық айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870765-najmanmyn-zi-turaly-kauesetterge-zauap-bergen-li-okapov-zelini-zardy-video/

jitsu gif