Асылхан Төлеповты айнытпай салған Жахан Отарғалиев көпті күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев күліп отыр
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев өнердегі әріптесі Асылхан Төлеповке пародия жасап, көпшілікті күлдіртті. Ол киножұлдыздың жүрісін айнытпай салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиевтың Асылхан Төлеповты салып жатқан видеосы Instagram желісінде тарап кетті. Оны белгілі актер Ғазрет Қажымұқанұлы түсірген болуы керек. Оған өнер иесінің кадр сыртындағы даусы дәлел болмақ.

Бейнежазбада ол Жаханға Асылхан Төлеповты салуын сұрайды. Отарғалиев өз кезегінде ойланбастан келісіп, кеудесін алға шығарып, бірден жүрісін өзгертіп тастайды. Бұл сәтте оның артынан Төлеповтың өзі де бой көрсетеді.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі Жахан Отарғалиев өзіне жүктелген тапсырманы cәтті орындап шыққанын жазуда. Олардың айтуынша, ол Асылхан Төлеповты жүріс-тұрысына дейін айнытпай салған.

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев қазіргі таңда Түркия астанасы Стамбул қаласында жүр. Актер Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес Түркияда" фильмінің түсіріліміне кеткен көрінеді.

Отарғалиев аталмыш туындыдағы рөліне Қайрат Әділгереймен таласып, әрең дегенде қол жеткізді. Қос актер көрермендердің дауысы бойынша бақ сынасып, нәтижесінде басты кейіпкерлердің бірін Жахан ойнайтын болып шешілді.

Алайда, жұлдыздардың арасындағы қақтығыс халық дауысынан кейін де басыла қойған жоқ. Өзара рөл бөлісе алмаған әртістер "Қызық LIVE" бағдарламасының тікелей эфирі кезінде төбелесіп қалды.

Отарғалиев тіпті Қайрат Әділгерейді екінші қабаттан лақтырып жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870829-asylhan-tlepovty-ajnytpaj-salgan-zahan-otargaliev-kpti-klkige-karyk-kyldy/