Бөксесін көрсетіп суретке түскен Дұғалова елді естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова күліп тұр
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Отандық эстрада жұлдызы Жанар Дұғалова Instagram желісінде ерекше образдағы суретін жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Көпшілік өнер иесінің талдырмаш денесіне тәнті болып, оған сансыз пікірлер қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен Жанар Дұғалова карантин кезінде керісінше желідегі белсенділігін арттыра түскен. Талдырмаш мүсінді әнші түрлі фотосессияларға қатысып, ерлер қауымын естен тандырды.

Өнер иесінің суреттерінің астында ер адамдар мен қыз-келіншектердің толассыз пікірі жетіп артылады. Олардың барлығы Дұғалованың дене бітіміне тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдіруде.

Бойжеткендер эстрада жұлдызына еліктеп, оны өздеріне үлгі санайтынын ашық айтуда. Ал ер азаматтар болса, әншіге ессіз ғашық екенін жарыса жазып жүр.

Жанар Дұғалованың бұл жолы бөліскен фотосында да оның мінсіз мүсінін атап өтіп кетпеу мүмкін емес. Суретте оның денесіне жабысып тұратын көйлек киіп тұрғанын көруге болады.

Оған қоса, шоу-бизнес сылқымы суретке денесінің артқы бөлігін көрсетіп түскен. Желі қолданушылары бірден оның бөксесін қызу талқылай бастаған.

"Не деген фигура, өте сұлусыз" , "Айтарға сөз таппай тұрмын, бір мін жоқ" , "Денесі оқтай, бөксесі бір бөлек әлем" , "Неге бізді аямайсыз? Мынадай фотодан кейін ұйықтау мүмкін емес" , "Беліңіз бен бөкеңізде мін жоқ" , "Дене сымбаты мен ішкі сұлулығы бір-біріне сай жан" , "Сізді әркез үлгі тұтамын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін өзге "КешYOU" аруы Кәмшат Жолдыбаева да ашық образды фотосессиясын жұртқа жария етіп, ерлерді еліктіріп қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871185-bksesin-krsetip-tsken-dgalova-eldi-esten-tandyrdy-foto/