Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір анадан туған бес қыз": Мақпал Жүнісова туған әпке-сіңлілерін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова туған әпкелерімен бірге
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Отандық эстрада дүлділі Мақпал Жүнісова желіде отбасылық фотомен бөлісіп, қалың көпшілікке туған әпке-сіңлілерін көрсетті. Бірдей көйлек киіп, суретке түскен өнер иесі мен оның жақындарына ел тәнті болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Туған-туыстарын ғаламтор кеңістігінде сирек жарилайтын Мақпал Жүнісова бұл жолы жанкүйерлерін ерекше қуантты. Ол Instagram парақшасында бар әпке-сіңлілері мен келіндерімен түскен фотосымен бөліскен.

Суретте олардың барлығы ұқсас көйлек киіп алғанын көруге болады.

"Бір анадан туған бес қыз және екі келін. Үйде киетін жұқа шыт көйлектер алып қойып едім, біз біргеміз деген сияқты" , - деп жазды Жүнісова фотоның астына.

Апалы-сіңлілі Жүнісовалар желі қолданушыларын тәнті етіп, көптеген жылы лебіздерге ие болды. Бірі оларды өзара ұқсатып жатса, енді бірі олардың әрқайсысы өзгеше деп жазуда.

"Көз тимесін, Алла ұзақ ғұмыр берсін" , "Осылай тату-тәтті өмір кеше беріңіздер" , "Сыйластықтарыңыз бен бірліктеріңіз ажырамасын" , "Туғандардың орны бөлек қой" , "Керемет Мақпал өте бауырмашыл екенсің. Алла пейіліңе беріп Мерейжанның рахатын көруді нəсіп етсін" , "Керемет жарасып тұрсыздар" , "Қандай күшті, бауырларыңыз бүтін болсын" , "Келіндеріңіз де өзіңізге ұқсайды екен" , - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісованың "Дос-Мұқасан" әншісі Ақжол Мейірбековпен құдаласқанын айтқан болатынбыз. Оның сіңлісі белгілі әртістің келіні атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871357-bir-anadan-tugan-bes-kyz-makpal-znisova-tugan-pke-sililerin-krsetti-foto/

pixel