"Әжесің": Жастармен жарыса Tik-tok түсірген Шахизада жұртқа жақпай қалды

Опубликовано:

Шахизада Байбатжанова
Фото: Instagram/shahizada.art

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова әлеуметтік желіде жүріп жатқан трендтен қалып қоймайын деген оймен атышулы Tik-tok видео түсірді. Алайда, оның бұл әрекеті кейбір желі қолданушыларына ұнамай қалған. Олар өнер иесін жасына сай емес қылық танытты деп сөгіп тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шахизада Байбатжанова атышулы Tik-tok видеосын өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Онда эстрада жұлдызымен бірге оның жақын досы Бауыржан Рахымбеков пен белгілі журналист Мұхит Сапарбай да бой көрсеткен. Үшеуі қазіргі таңда хитке айналған "Lollipop" туындысына биледі.

Алайда, жастардан еш жері кем емес екенін көрсетпек болған шоу-бизнес өкілдері желіде қатаң сынға ұшырады. Әсіресе, Шахизада көпшіліктен оңбай сөз естіді.

Олар бүгінде әже атанған өнер иесінің бұл қылығы оның жасына мүлдем сәйкес келмейтінін бетіне басты.

"Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады деген атам қазақ", "Жарасса бұйырмасын, ерсі тым", "Не тәрбие бұл апай, әжесің ғой" , "Сендерге не жоқ? Жұқпалы вирустың карантині не істетпейді?", "Жасына сай емес тіпті" , "Жараспайды, келісетінге ұмтылсаңдаршы", "Үлкен келіншекке ұят екен. Бір түрлі көрінеді" , "Жасыңызға сай қылың жасасаңызшы" , "Бала болып кеттіңдер ма? Түк жарасып тұрған жоқ" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін ақ халатпен гүл суарған Өмірқұл Айниязов та желіде қызу талқыға түскен болатын. Көпшілік бұған дейін өнер иесін мұндай ерекше образды кейіпте көрмегендіктен аса қатты таңғалды. Олар әншіге қатытсы пікірлерін қарша жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871571-zesi-goj-zastardan-kalyspaj-tik-tok-tsirgen-sahizada-halykka-zakpady-video/