Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түк өзгермеген": Жас кезін көрсеткен Дастан Оразбеков аруларды естен тандырды

Опубликовано:

Дастан Оразбековтің жас кезі
Фото: Instagram/dastanello82

"Орда" тобында өнер көрсетіп танылған әнші Дастан Оразбеков желіде жас кезіндегі суретімен бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысына тап болды. Шоу-бизнес жұлдызына бәрінен де қыздар қауымы көптеп пікір қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дастан Оразбеков Instagram парақшасында өмірінің әр түрлі кезеңіндегі үш фотосын жариялап, көпшілікті тәнті етті. Бірінші суретте оның жас кезі, екіншісінде - өнердің ортасында жүрген сәті және үшіншісінде дәл қазіргі қалпы көрініс тапты.

Өнер иесі бұл суреттерді ел назарына ұсынып, көпшіліктен оларды өзара салыстыруды сұраған.

Эстрада жұлдызының сауалына қатысты желідегілердің пікірі түрліше болып шықты. Бірі әншінің мүлдем өзгермей жас күйінде қалып қойғанын айтса, енді бірі оның қатты өзгеріп кеткенін жазған.

Шоу-бизнес өкілінің жеке мұрағатындағы суреттеріне қыздар қауымы да пікір білдірмей өте алмаған. Олар өнер иесінің әлі де сол қалпы сымбатты екенін жеткізді.

"Әлі де жассыз ғой, келіншегіңіздің арқасы" , "Сол қалпы сымбатты жігітсіз" , "Дым өзгермегенсіз" , "Қатты өзгеріп кетіпсіз. Қазір түріңіз шаршаңқы болып қалғандай" , "Өнер саласы оңай емес, ешкімді аямайды. Сіз де қартайып бара жатқандайсыз" , "Недеген сымбатты ер азамат" , "Отандық сахнадағы ең сымбатты әнші" , "Әйеліңіз екеуіңіз күшті жұпсызлар" , "Жыл өткен сайын сымбаттырақ болып барасыз" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, Дастан Оразбеков бүгінде отбасылы ер азамат. Жұбайы екеуі екі ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871649-tk-zgermegen-zas-kezin-krsetken-dastan-orazbekov-arulardy-esten-tandyrdy/

pixel