Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет не үшін Дәуренге ғашық болғанын айтып, ағынан жарылды

Опубликовано:

Ақбота мен Дәурен
Фото: brod.kz

Әнші Ақбота Сейітмағамбет Жанар Айжановамен "тәтті шәйдағы" сұхбатында отбасылы Дәурен Айдарқұловқа 2016 жылы не үшін ғашық болғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Хал-жағдайын сұраған Жанар Айжановаға Ақбота бүгінде түсірілімдері жалғасын тауып жатқанын, ажырасқаннан кейін балаларын асырау үшін еңбек етіп жүргенін алға тартты.

"Съемкаларым жалғасып жатыр. Не болса да, екі баланы асырау керек қой. Күніне 24 сағат жұмыстамын", - деп жағдайын айтты әнші.

Ақбота Дәурен Айдарқұловқа не үшін ғашық болғанын сұхбат барысында айтып берді.

"2016 жылы біз алғаш "Гламур для дур" киносына түскен кезде таныстық. Сол кезде бір-бірімізге деген махаббатымыз ашылып, оянып, бір-бірімізді жақсы көрдік. Төрт жыл. Осы уақытта қанша ажырасып, қанша қосылдық. Төрт жыл Дәуренмен біргемін. Қазір ортақ Ибраһим есімді ұлымыз бар, Аиша есімді қызымыз бар. Ол кісіні де жамандағым келмейді. Мен "Кешью" тобында жүрген кезде отбасылы жігітпен жүрді деген әңгіме болған емес. Бірақ ол кезде мен 18-19 жастағы қызбын ғой, әлі кішкентай. Кішкентай кезімде тұрмысқа шықсам, өзімнен бес жасқа үлкен жігіт болуы керек, ақыл тоқтатқан еркек болуы керек деп ойлайтынмын. Әкемді көрмегеннен болар, менің жолдасым маған қамқор болады, менің тірегім болады деп ойлайтынмын", - деп есіне алды ол.

Әнші Дәуренді әлемдегі ең жақсы адам деп санаған екен.

"Алланың бұйырғаны болар, осы кісімен 2016 жылы таныстым. Көрген кезде маған бірден әңгімелері ұнады. Құлағыма жақты. Мен жыласам да, қиналсам да, күлсем де, мені түсінетін. Маған дұрыс бағыт-бағдар беріп отыратын... Мүмкін қазіргі уақытта ата-анам тірі болған кезде мұндай болмас па еді? Анам осы уақытта қасымда болған кезде дұрыс бағыт-бағдар берер ме еді? Менен кейін жалғыз бауырым бар, Нұрсұлтан есімді. Ата-анамыз қайтыс болғаннан кейін екеуіміз ғана қалдық. Тоғыз жасымда анамнан айырылдым. Қиыншылықты да көрдік. Дастарханымызда бір таба нан ғана тұрған уақыт та болған... Сөйтіп жүріп Дәуренге жолықтым. Өзімнің әкемді көргендей болдым ба, мені бауырына басатын әлемдегі ең жақсы адам сол кісі болып көрінді", - дейді ару.

Ақбота "Дәуренді жағдайы бар, айды алып беретін, жұлдызды алып беретін жігіт деп айта алмайтынын" алға тартты.

"Қарапайым, жақсы, ақкөңіл жігіт. Ешкімге артық әңгімесі жоқ. Тек тәтті сөздеріне, кинодағы Марсель деген образына ғашық болып қалған шығармын. Бұл жердегі менің қателігім, екінші рет қосылғаным шығар?", - деп ағынан жарылды ол.

Еске салсақ, бұған дейін әнші бұрынғы қарым-қатынасында жіберген қателіктері мен үлкен өкініші туралы жазба қалдырған болатын. Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің ажырасып кеткені туралы 11 шілде күні белгілі болды. Бұл туралы жұлдызды жұптың өзі хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1872084-akbota-sejtimagambet-ne-sin-durenge-gasyk-bolganyn-ajtyp-agynan-zaryldy/

pixel