Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандарға 41 мың теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Әли Оқапов, Ақерке Бүркітбай, Роза Рымбаева
Фото: Instagram/revuenews

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар Әли Оқапов тамыз айында сүйіктісін қолына қондырды. Оның жарының ата-анасы қыздарын қазақтың дәстүрімен ұзатып берген болатын. Ал Атырау облыстық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті мерекелік шараны ұйымдастырғандарға айыппұл салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы baigenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай біраз уақыт бойы өз қарым-қатынастарын барынша жасырып келді.

Алайда, әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың тойының суреттері тарап кеткен еді. Ұзату тойдың Атырауда карантин кезінде өткені анықталды.

"19 тамызда Атырауда карантин талаптарына қарамастан той өткізуді ұйымдастырғандарға 15 АЕК (41 мың теңге) айыппұл салынды", - делінген облыстық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 19 тамыз күні желіде Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойынан суреттер тарап, Әли Оқапов екеуінің расымен шаңырақ көтеріп жатқаны белгілі болды.

Кейін жұлдызды ене Роза Рымбаева келіні туралы қандай ойда екенін ашық айтты.

Сонымен қатар, Әли Оқаповтың өзі де шыдамай жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасап, көпті күлдіртті. Өнер иесі әзіл ретінде видео түсіріп, өзінің үйленгенін растайтындай кейіп танытып, соңында мүлдем басқа нәрсені жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1872305-li-okapovty-tojyn-jymdastyrgandarga-41-my-tege-ajyppl-salyndy/

jitsu gif