Әйгілі "Сумерки" фильмі арқылы танымал болған актер коронавирус жұқтырып алды
Опубликовано:

Ұлыбританиялық актер Роберт Паттинсон COVID-19 инфекциясын жұқтырып алды. Салдарынан "Бэтмен" франшизасының түсірілімі тағы да тоқтап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Қазір фильмнің түсірілімі Лондонда өтіп жатыр. The Warner Bros киностудиясының мәліметінше, қазіргі ережеге сәйкес басты рөлді сомдайтын актер оқшауланған. Ал түсірілім уақытша тоқтатылған.
Киностудия актерлардың жеке өміріне қатысты болғандықтан басқа ақпарат беруден бас тартқан.
Айта кетейік, танымал франшизаның түсірілімі 2020 жылдың қаңтарында Ұлыбританияда басталған еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланыста түсірілім жұмыстары тоқтатылған.
Сол кезде фильмнің режиссері әрі продюсері Мэтт Ривз материалдың біраз бөлігі түсірілгенін хабарлаған болатын. Кинокартинаның АҚШ-тағы премьерасы 2021 жылдыың 1 қазаны деп жоспарланған.
Ал Роберт Паттинсонның Бэтмен рөліне бекітілгені 2019 жылдың мамырында белгілі болды. Warner Bros кинокомпаниясы Паттинсон және ағылшын актері Николас Холт арасында таңдау жасаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін бразилиялық футболшы, "ПСЖ" шабуылшысы Неймардың да коронавирус жұқтырып алғаны хабарланды.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирус тестінің нәтижелері бойынша командада үш футболшыдан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың барлығы алдағы бірнеше күнде тексеруден өтуін жалғастырады.
Сондай-ақ Италияның бұрынғы премер-министрі Сильвио Берлускониден де COVID-19 инфекциясы анықталғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1872544-jgili-sumerki-filmi-arkyly-tanymal-bolgan-akter-koronavirus-zktyryp-aldy/