53 жастағы актриса Памела Андерсон өзінен жас оққағарымен көңіл қосты

Опубликовано:

Памела Андерсон 1
Памела Андерсон. Фото: instagram.com/pamelaanderson

Өткен жылы француз футболшысымен айырылысқан Памела Андерсон жыл басында голливудтық продюсерге тұрмысқа шығып, артынша ажырасып үлгерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

53 жастағы Памела мен оның 74 жастағы продюсер күйеуі Джон Питерстің некесі небәрі екі аптаға сақталған. Дегенмен Андерсонның жүрегі тағы да бос емес. Енді ол өзінің оққағарымен көңіл қосқан деген ақпарат бар.

Жұлдыздың жаңа сүйіктісі туралы көп мәлімет жоқ. Десе де оның 40 жаста екені белгілі.

"Оның жанында оған қалай сөйлеу керектігін білетін нағыз ер адам тұр. Ол өзін өте жайлы сезінеді, олар бір-бірін ешқашан көзден таса қылмайды.
Ол голливудтық жігіт емес, бұл Памелаға өте лайықты", - дейді актрисаның айналасындағы дереккөздердің бірі Daily Mail басылымына.

Ақпараттарға сүйенсек, ғашықтарды пандемия қосқан. Андерсон және оның оққағары екеуі төрт қабырғаның ішінде оқшауланып қалған. Дәл сол сәттен бастап екеуінің ғашықтық хикаясы басталған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Брэд Питт Анджелина Джолиге ұқсайтын модель Николь Потрульскимен көңіл жарастырғанын хабарладық. Қос ғашық Франция әуежайында көптің назарына іліккен.

Айта кетейік, әйгілі "Сумерки" фильмінің басты рөліне түскен актер Роберт Паттинсон коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Жұлдыз қазіргі уақытта "Бэтмен" франшизасының басты рөліне түсіп жатқан еді. Актердің оқшаулануына байланысты түсірілім тоқтап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1872915-53-zastagy-aktrisa-pamela-anderson-zinen-zas-okkagarymen-kil-kosty/

jitsu gif