Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйқым ашылып кетті": Димаштың мінсіз денесі қыздарды естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Күллі әлемді ғажайып даусымен таңдай қақтырып жүрген Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желіде жариялаған соңғы суреті қыздар қауымын естен тандырды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Өнер иесі төсекте жатқан сәтінен селфи жасап, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жүктеген.

"Бүгін өте жемісті күн болды. Барлығыңызға қайырлы түн", - деді ол фотоның астындағы жазбасында.

Мұны көрген желі оқырмандары "айтарға сөз таба алмағандарын" жеткізді.

"Қандай кереметсің", "Есім кетіп барады", "Ақыл есімнен айырдыңыз", "Бұл суретті көріп ұйқым ашылып кетті", "Сізге ғашықпын", "Суретті таңертең көргенім қандай жақсы болды, әйтпесе ұйқым бұзылатын еді", "Жан мен тән сұлулығын бойына жинаған əлемнің сегізінші кереметі", "Өнеріңмен адамдық қасиетіңе тəнтімін", "Аман бол қазағымның төре баласы! Әрдайым сені қолдаймыз", "Бұл суретті он рет қараған шығармын", "Қыздар, өздеріңді ұстаңдар" деді олар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергенмен бірнеше жыл бойы етене жұмыс істеген Алпамыс Шәрімов айырылмас досымен жолдары не себепті екіге бөлініп кеткенін айтып берген болатын.

Ол бар жұмысты әншінің әкесі Қанат Айтбаев өз қолына ала бастаған соң, артқа шегінуге шешім қабылдағанын түсіндірді.

Оған қоса, Димаш пен Алпамыстың достығы да айтарлықтай мінсіз болмаған. Шәрімовтың айтуынша, олар өзара көп ренжісіп, тіпті кейде сөйлеспей қалатындай кездері де болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1873356-jkym-asylyp-ketti-dimasty-minsiz-denesi-kyzdardy-esten-tandyrdy-foto/