Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есебаев: Төсек арқылы әншілікке келетіндер бар, маған да төсек ұсынғандар болды

Опубликовано:

Фото
Фото: Бауыржан Есебаев/Facebook

Қазақстанның мәдениет қайреткері, танымал композитор Бауыржан Есебаев қазақ эстрадасында төсек арқылы әншілікке келетіндердің бар екенін жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы сазгер Youtube желісіндегі Уақыт көрсетеді жобасында айтып берді.

"Мен жұлдыздарға, болашақ әншілерге танылудың, жұлдыз болудың жолын үйрету мақсатында "мастер класс" өткіздім. Оған журналист інім шақырды. Сол жерде "ақшасыз танылуға бола ма?" деген сұрақ қойылды. Мен ақшасыз қалай танылуға болатынын түсіндіріп айтып бердім. Ән сөзі мен әнін жазып, мамандарға жаздырып, желі арқылы жарнамалап, шығуға болатынын жеткіздім. Бірақ бұдан да оңай әрі тез жолы бар екенін айтқаным рас.

Бұл бұрын да болған, қазір де бар. Тек көпшілігі мойындамайды. Мәселен, әннің өтемін төсек арқылы өтеу. Төсек қатынасын ұсына отырып, ән жаздыру. Немесе ән жазып бере алатын қалталы азаматтарға сатылу деген сияқты. Маған да ән орнына төсек ұсынған қыздар болды. Олардың атын атамаймын. Мен дәл осындай арзан жолдан аулақ болуға шақырдым. Бұндай жолды таңдамай, керісінше ауыр болса да "өзің еңбектен" дегенді жеткіздім. Ал телеарналар менің сөзімді монтаждап, төсек арқылу танылуға болады деп көрсеткен. Мені сондай арсыздыққа үйреткен адам секілді көрсетіпті", - деп күйінді Бауыржан Есебаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Мейрамбек Бесбаев "МузАрт" тобына жаңа солист іздеген сәтін есіне алып, ақшаға құныққан жастарды қатаң сынаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1873770-esebaev-tsek-arkyly-nsilikke-keletinder-bar-magan-da-tsek-syngandar-boldy/