Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жылға АҚШ-қа виза реттеп жатырмын": Айгүл Иманбаева маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

ФОТО
Фото: Өнер иесінің жеке парақшасы

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ел естімеген жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі мұхиттың арғы жағында тұру үшін виза дайындап жатқанын жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы НТК телеарнасынадағы Опмай-Опмай бағдарламасына сілтеме жасап.

"2020 жылдың жазында бір айға оқуға кететін адам едім. Құжаттарымның барлығын дайындап шетелге университетте білім алуға бара жатқан едім. Бірақ болмай қалды", - деді Иманбаева.

Әнші ағылшын тілін үйреніп жүргенін, діттеген жеріне бара алмаса да екінші деңгейге өткенін жария етті.

Сонымен қатар, ол алдағы жоспарларының барлығы айқын екенін, алайда барлық ақпаратты жайып салғысы келмейтінін жеткізді.

"Америка Құрама Штаттарына он жылға виза реттеп жатқан жайым бар. Ол жұмысыммен да, жеке өміріммен де байланысты. Сол себепті ағылшын тілін үйренуім керек. Тілді нақты қажеттілік болғаннан кейін меңгеріп жатқаным жайым бар", - деді өнер иесі.

Иманбаеваның сөзінше, ең жеңіл тіл ағылшын тілі екен.

"Неге бүкіл әлем ағылшынша сөйлейді десем, расында өте жеңіл тіл екен. Тек етістіктерін жалғап отырасың, әйтпесе түк те қиындығы жоқ екен. Бастысы адамда ниет болса, тезірек үйреніп алады", - деді қазақ эстрадасының танымал өкілі.

Одан бөлек, өнер иесі карантин кезінде құр жатпай екі бірдей киноға түскенін де атап өтті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жігіттер тобының орындаушысы Бағлан Әбдірайымов пен әнші Бейбіт Кушкалиевтің карантин кезінде немен айналысып жүргенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1874112-10-zylga-aks-ka-viza-rettep-zatyrmyn-ajgl-imanbaeva-mayzdy-mlimdeme-zasady/

pixel