Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдырмаш мүсінді арумен билеген Дастан Оразбеков қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Дастан Оразбеков жас қызбен билеп жүр
Фото: Видеодан кадр

Желіде Дастан Оразбеков пен мінсіз мүсінді бикештің бір-біріне жабыса билеп жатқан видеосы тарап, елдің қызу талқысына қалды. Желідегілер отбасылы азаматтың бұл әрекетін түсіне алмай, оны сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дастан Оразбеков пен бойжеткеннің билеген сәтінен үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Онда өнер иесінің бейтаныс арумен бачата билеп жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары белгілі актердің қасындағы сылқымның кім екенін біліп алды. Ол "Қазақ Аруы-2017" атанған Гүлжанат Жұмажанова болып шықты.

Бойжеткен бүгінде бимен айналысып жүр. Дастан Оразбеков болса, кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін бачата үйренуге мәжбүр болып, оның көмегіне жүгінсе керек.

Алайда, оған қарамастан желі қолданушылары отбасылы актерді бұл қылығы үшін сынап тастаған. Олар өнер иесінің жарына сабырлық тілеп, шоу-бизнес саласындағы ер адамдар туралы бар пікірін ортаға салды.

"Әйеліне төзім мен сабыр берсін. Мен шыдамас едім" , "Осындай видеолар көрсем, әйелі қалай қызғанбайды деп қалам" , "Мен жолдасым көшеде қыздарға қарап қалса қызғанамын. Ал мына кісінікі енді тіптен" , "Өнер болса да ерсі көрінеді" , "Сөзім жоқ, жарына сабыр" , "Бәленің бәрі осыдан басталады ғой. Тек бұл кісінің отбасы бұзылмаса екен деймін. Өте ұнайды жары екеуі" , "Әйеліне жаным ашып тұр. Қызғаныштан өзегі өртеніп жатқан болар" , "Дастан арақашықтықты сақтап билесеңші" , - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875348-taldyrmas-msindi-arumen-bilegen-dastan-orazbekov-kyzu-talkyga-tsti-video/

pixel