Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзіңізде мұң бар": Соңғы кезде көңілсіз жүрген Сәдуақасова елді алаңдатты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова жанкүйерлерін қатты алаңдатып қойды. Өнер иесі желіде аса әсерлі жазба жариялап, соңғы уақытта көңілсіз болып жүргені рас екенін мойындады. Эстрада жұлдызының сөзінше, оның мұндай күйге түсуінің өзіндік себебі де бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова желіде қызу талқы тудырған жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда шоу-бизнес жұлдызы соңғы кезде көңіл-күйі болмай жүргенін сезген жанкүйерлерінің болжамын растады. Олар өнер иесінің көзінде бір мұң пайда болғанын жарыса жазған.

Әншінің өмірінде орын алған белгілі бір жайттар оны шетелге демалысқа кетуге итермелеген.

“Көзіңізде бір мұң бар деп” соңғы кезде көп айтады маған. Оның себебі бар. Сол үшін де басқа жаққа кетіп қалғым келді. Египет керемет жер екен" , - деген жазба қалдырды Сәдуақасова.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасынан кейін оның мұңайып жүруіне не себеп болғанын анықтап әлек болды. Олар фото астында өзінің түрлі болжамдары мен пікірлерін қалдырып жатыр.

Оқырмандардың басым көпшілігі бұл жайт эстрада жұлдызының жеке өміріне тікелей қатысты деген ойда.

"Мұңайған сайын Мысырға бара берсең жаман емес", "Мадина еңсеңді түсірме, бәрі өткінші, кешірімді бол" , "Олжаспен ажырасқалы жатқан жоқсың ба?", "Сабырлы бол. Әлі Әнуардың қарындасы болады. Мұңайма, мықты бол", "Ажырасып кеттімм демеші" , "Биылға ажырасқандар жетерлік. Сіз олардың қатарында емессіз деген үміттемін" , "Отбасыңызды сақтап қалыңыз" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова бүгінде Мысырда ұлы мен туған сіңлісімен демалуда. Әдетте әншімен шетелді бірге аралайтын жолдасы бұл жолы олармен бармаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875503-kziizde-m-bar-sogy-kezde-kilsiz-zrgen-sduakasova-eldi-aladatty/

pixel