Ақбота Сейітмағамбет: Әзірге ешқандай қыз ұзатпаймын
Опубликовано:

Танымал отандық әнші Ақбота Сейітмағамбет қыздарды ұзатуға түбегейлі қарсы екенін кесіп айтты. Ажырасып кеткен өнер иесі мұндай ұсыныстардан бірден бас тартатынын мойындады. Ол қыз ұзататындай өзінің уақыты келе қоймағанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақбота Сейітмағамбет өзіне қыз ұзатып беруге қатысты ұсыныстар түсіп жатқанын растады. Алайда. эстрада жұлдызы олардың ешбіріне келісімін бермеген. Себебі, екі баланың анасы мұндай шараларға әзірге қатысуға өзін толықтай лайықты деп есептемейтін болып шықты.
Бұл туралы ол "Опмай-Опмай" бағдарламасы кезінде айтты.
"Қазіргі уақытта қыз ұзатпаймын. Бірден айтайын. Ұсыныстар түсіп жатады. Әсіресе, оңтүстіктен хабарласып, қызымызды ұзатып берсеңіз деп айтады. Қалыңдықтардың өздері де қоңырау шалады. Мен өзім қазіргі уақытта, сөздің ашығы, ешқандай қызды ұзатқым келмейді. Егер Жазира ханым мен Қарақат ханымдар ұзатып жатса, ол кісілерге жарасады. Үлкен кісілер, қанша уақыттан бері елдің алдында жүрген кісілер. Менің үлгі тұтатын әпкелерімнің бірі ғой. Ал мен қыз ұзатуға асығыс емеспін" , - деп айтты Ақбота Сейәтмағамбет.
Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Сейітмағамбет ауқымды сұхбат беріп, Дәурен Айдарқұловқа не үшін ғашық болғаны туралы жан сырын ақтарған болатын.
Еске салсақ, бұған дейін әнші бұрынғы қарым-қатынасында жіберген қателіктері мен үлкен өкініші туралы жазба қалдырған болатын. Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің ажырасып кеткені туралы 11 шілде күні белгілі болды. Бұл туралы жұлдызды жұптың өзі хабарлаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875816-akbota-sejitmagambet-zirge-eskandaj-kyz-zatpajmyn/