Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуында жеңіске жете алмады (видео)

Опубликовано:

Данэлия
Фото: instagram.com/tuleshova_daneliya

America’s Got Talent шоуының финалында өнер көрсеткен қазақстандық әнші Данэлия Төлешова жеңіске жете алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Данэлия Төлешова America’s Got Talent атты әлемдік шоудың 15 маусымында финалға өткен болатын. Ол финалда орындаған әнімен тыңдармандарын тағы да тәнті еткен еді. Әншінің финалдағы ән орындау сәтінен видео America's Got Talent шоуының YouTube-каналында жария болды.

Қазақстандық әнші Эйва Макспен бірге сахнада өнер көрсетеді. Өкінішке қарай, Данэлия Төлешова америкалық шоуда жеңіске жете алмады. Бірінші орын ақын Брэндон Ликке бұйырған.

Белгілі болғандай, финалға тек байқаудың NBC ресми сайтында ең көп дауыс жинағандар өткен. Әлемге танымал America"s Got Talent шоуының финалы Лос-Анджелесте болды.

Бұған дейін Данэлия Төлешова Sia есімді австралиялық әншінің "Alive" әнін орындаған болатын.

"Бұл оңай композиция емес, десе де дайындыққа аз ғана уақыт барына қарамастан, соған тоқтауды ұйғардық. Қолдау сөздерін жолдағандарға рақмет, бұл маңызды", - дейді Данэлия.

Айта кетсек, финалда 10 өнер иесі қатысып, олардың алтауы түрлі жастағы вокалшылар қатарында болған еді. Бұл туралы Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенко мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Данэлия Төлешова America"s Got Talent финалында әлемді таңдай қақтырғанын жазған едік.

Одан бөлек, Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында тыңдармандарын тағы бір мәрте тәнті еткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875962-danelia-tlesova-americas-got-talent-souynda-zeiske-zete-almady-video/

pixel