Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фариза Төреәлі тойында болған қызықтармен бөлісті (видео)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен өз тойларында
Фото: Видеодан кадр

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлінің қарындасы дүркіреп өткен ұзатуы мен үйлену тойы кезінде болған қызықты сәттерімен бөлісті. Фариза Төреәлі желіде есте қаларлық оқиғалардан үзіндісін ел назарына ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі Instagram парақшасында тойындағы қызықтарын көрсетіп, оқырмандарын бір қуантып қойды. Белгілі әншінің қарындасы кадр сыртындағы күлкілі әрі есте қаларлық сәттердің барлығын бірнеше видеоға сыйдырған.

Онда жас жұбайлардың бір-біріне серт бергені мен туған туыстарының арасында көңіл көтере билегенін көруге болады.

Аталмыш бейнежазбадағы үзінділерін бұған дейін еш жерде көрсетілмеген болып шықты.

Желі қолданушылары Төлеповтер әулетіндегі той қызықтарына тәнті болып, жас жұбайларға ізгі ақ тілектерін жаудырды.

"Бақытты болыңдар, сондай тәттісіңдер" , "Жарасасыздар, махаббаттарыңыз баянды болсын" , "Сондай қуаныштысыздар. Бұл күнді біраз күттіңіздер ғой карантин кесірінен" , "Екеуіңізде қалжынға жақын екенсіздер, қандай тамаша" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғалидің қарындасы Фариза Төреәлінің үйлену тойы қалай өткенін жазған болатынбыз. Жас жұбайлар қуанышын Алматының қақ ортасында орналасқан қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіретіп атап өткен.

Бойжеткеннің таңдауы спортшы Дархан Нортаевқа түскен. Қос ғашық карантинде некелерін қидыртқанымен, кеш болса да үлкен тойын тамыз айында өткізуді ұйғарған.

Мерекелік шара Алматы полициясының назарына ілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876076-fariza-treli-tojynda-bolgan-kyzyktarmen-blisti-video/

pixel