Аша Матайдың ағасы жары мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото)
Жарияланған күні:
Жақында ғана сәбилі болған Аша Матайдың ағасы күні кеше әйелі мен қызын перзентханадан шығарып, үйіне алып келді. Жас ата-ананы арнайы құттықтау үшін медициналық орталыққа жұлдызды жанұяның барлық мұшелері жиналған. Алайда, бұл жолы олардың арасында Арман Қоңырбаев бой көрсетпеді деп жазады Kaz.nur.kz
Айдар Асқарбек қос аруын перзентханадан дәстүрге сай, шарлар мен гүл шоқтарына көмкере алып шыққан. Қуанышы қойнына сыймаған жас әкені өз туыстары да қолдап барған. Аша Матай, Айсәуле Бақытбек, нағашы әжесі, туған інісі мен келіні оның қуанышына ортақтасқан.
Перзентханадан шыққан кездегі суреттермен Жарқынай Ханайымның өзі Instagram парақшасында бөліскен. Фотодан жас ата-ананы құттықтап барған жандардың барлығын көруге болады.
Алайда желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды сәбилі болуымен құттықтаумен қатар, тағы бір жайтқа аса мән берген. Олар бұл жолы да отбасылық бас қосуда Аша Матайдың жолдасы Арман Қоңырбаевтың бой көрсетпегенін байқап қалды.
Аталмыш фото астында кішкентай нәрестеге жаудырылған ізгі ақ тілектермен қоса, тікелей Аша Матайға қойылған сұрақтар да кездесуде. Оқырмандар ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжады. Олар қос әншінің балаларымен бөлек-бөлек уақыт өткізіп жүргені мен ортақ фотолар салмай кеткенін аңғарған.
Еске сала кетейік, Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым қыркүйектің 22-сі қызды болып, алғаш рет ата-ана атанған болатын. Бұл қуанышты жаңалықпен бірінші болып, бақыттан басы айналған жас әке бөліскен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876216-asa-matajdy-agasy-zary-men-kyzyn-perzenthanadan-sygaryp-aldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.