Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Борат" фильмінің жалғасы туралы тың ақпарат жария болды (видео)

Опубликовано:

Борат
Фото: Rex/TikTok

Шетелдік БАҚ беттерінде "Борат" фильмінің жалғасы қандай атаумен жария болатыны анықталды. Фильмнің желісі де жалпақ жұртқа жария болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фильмнің болжамды атауы тым ұзақ болғандықтан, көпшілік оны әзілге айналдырып үлгерген деп жазады metro.co.uk.

Нақтырақ айтсақ, фильм атауы келесідей: "Борат: Вице-премьер Микаель Пенске порнографиялық маймылдың жақында кішірейген Қазақстан ұлтының мүддесі үшін жасаған сыйы" (Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make Benefit Recently Diminished Nation Of Kazakhstan).

Бұл атау Америка жазушылар гильдиясының құжаттарында жария болған. Дереккөз мәліметтеріне сәйкес, алғашқы тест-көрсетілім өткен аптада жасалған.

Борат
Фото: Moviestore/REX/Shutterstock

АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сенсек, сиквелде АҚШ-тың бірнеше белді шенеуніктері бой көрсетеді. Олардың арасында АҚШ вице-преизденті Майк Пенс, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани және өзгелер бар.

Өткен аптада фильмнің актері Саша Барон Коэн құпия түрде фильмнің жалғасын түсіргені анықталды. Ол сценарийді Энтони Хайнс, Дэн Свимер, Питер Бэйнхэм, Эрика Ривиноха, Дэн Мэйзер, Джена Фридман және Ли Кернмен бірге жазып шыққан.

Фильм желісінде коронавирус індеті, Дональд Трамп пен Джеффри Эпштейннің төңірегіндегі сексуалдық дау-дамай сөз етіледі. Желіге сәйкес, Борат Сағдиев тым танымал болып кеткендіктен, өз тұлғасын жасырып, танымал адамдардан сұхбат алуға шығады деген ақпарат пайда болды. Десе де өзге дереккөз бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Фильмнің тұсаукесері қашан болатыны белгісіз.

Еске салсақ, фильмнің алғашқы бөлігі әлем бойынша резонанс тудырып, Қазақстанда көрсетілуге тыйым салынған болатын. Кейін фильмнің жалғасы түсіріліп жатқаны анықталды.

Одан бөлек, өткен жылы канадалық боксшы Стюард Макклелан отандасымыз Жәнібек Әлімханұлын "Борат" кейпінде таныстырды. Алайда шаршы алаңдағы кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын "жазалады".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876579-atysuly-borat-filmini-zalgasy-turaly-ty-akparat-zaria-boldy-video/

pixel