Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова "келінін қайын атасы төсектес қылды" дейтіндерге ашулы

Жарияланған күні:

Жұлдыз бен Қайрат
Фото: qaz.neonomad.kz

Гүлзира Айдарбекова "Опмай-опмай" бағдарламасына берген сұхбатында келіні Жұлдыз қайын атасымен төсектес болды деп түрлі сыбыс таратқандар болғанын айтты. Продюсер отбасы төңірегінде жалған ақпарат тарататындарға қатты ашулы екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы ақылға қонымсыз әңгімелер тарағанын жасырмады.

"Кезінде басқалар Қайратты неше түрлі қылып айтып жатты. Керек десеңіз, менің жолдасымды, "Қайын атам мені қорқытып төсектес қылды" деп келінімді де шығарып жатты, мысалға. Не деген сұмдық? Мен шырылдап балам үшін жүрген адаммын ғой. Біреуді өсектеуге уақытым жоқ", - деген Гүлзира Берік Найман лақап атымен желіні шулатып жүрген азаматты тілге тиек етті.

Айтуынша, жалған парақша ашып алған азамат ұлы Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергеннің арасына от салу мақсатында оны және отбасын қаралауға кіріскен. Продюсер Димаш пен Қайрат туралы кезінде берген сұхбатында айтқан сөздері елге толықтай жетпегінен алға тартып, Димашқа тек жақсылық тілейтінін сөз етті.

" Димашты күндейтіндей, күнімді көре алмай отырған адам емеспін. Қайратқа да жете алмай жүрген адамдар қаншама. Сондықтан мен Қайрат Димаш болсын деп армандамаймын. Өйткені Қайраттың өзінің өмір жолы бар. Алланың берген өзінің бағы бар", - дейді Айдарбекова.

Продюсер, сонымен қатар Қайрат Нұртас күзетшімен төбелесіп, оның мұрнын бұзды деген сыбыстарға да нүкте қойды.

"Ол жерде негізі басқа адам. Маған гүл беремін деп бір жігіт келген екен. Сол кіргіз деген. Охранник неге екенін, жүйкесі тозған ба, жүгіріп шыққан, өзі бірінші қол жұмсаған. Оның бәрі камерада тұр. Қайрат тек қана өзін қорғап қалған. Бірақ Қайраттың тұмсық сындыруға қатысы жоқ. Қайраттың аты болған соң, әйтеуір бір ақша жасап қалам ба деген ойлар да болады. "Миллион бересіздер ме" деген. Бірақ Қайрат ешкімге ешқандай ақша бере алмайтынын айтты, "өйткені бұл жерде менің кінәм жоқ" деді", - деп жайтты түсіндірді Айдарбекова.

Еске салсақ, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайратты жерге теңеген Төлегенованың сөздеріне жауап қатқан болатын.

Одан бөлек, Қайрат пен Димашты бір-біріне айдап салу дұрыс еместігін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876759-gulzira-ajdarbekova-kelini-kajyn-atasymen-tsektes-boldy-degen-sybyska-zauap-berdi/