Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова: Мына демалыс бұрынғы барған демалыстардан өзгерек

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде демалысына қатысты жазба қалдырып, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Өнер иесі Мысырда өткізген күндерінің бұған дейінгі шетелдегі демалыстарынан басты ерекшелігі неде болғанын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әдетте, отбасымен түрлі елдерді аралап жүретін Мадина Сәдуақасова бұл жолы шетелді саяхаттауға күйеуінсіз аттанды. Ол Мысырға ұлы мен туған сіңлісімен барған.

Өнер иесі Қызыл теңізде өткізген күндері несімен ерекше болғанын Instagram парақшасында бөліскен. Әнші демалыстағы фото және видеожазбаларды жариялап қана қоймай, Мысырдан алған әсерін де жеткізді.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы өзінде бірталай жаңалық жиналып қалғанын айтты. Олармен жақын арада бөлісуге уәде еткен ол барша жанкүйерлерін қызықтырып қойды.

"Мына демалыс бұрыңғы барған демалыстардан өзгерек, өйткені бүкіл әлемді covid жаулап , басқа мемлекет түгілі, өз үйімізден шықпай қалған күндер де болды.. Тәуекелге бел буып Египетке ұштық!) Құпияға толы Мысыр, Қызыл теңіз, ыстық құм, тропикалық жеміс жидектер бір сәтке әлемде болып жатқан дертті ұмыттырса да, елге қайтқың келіп тұрады, сағындырады, өз еліңнен ыстық , сұлу да тартымды, қымбат жер жоқ бұл ғаламда! Демалдық, күш жинадық, көңілімізді ауладық аз уақытқа, шабыттандық , рахмет , енді өз еліме , қазағыма қайттым! Жаңа әндерім бар шығаратын, жаңалықтарым көп айтатын" , - деп жазды Сәдуақасова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова өзінің мұңлы болып жүргенін мойындап, оның өз себебі бар екенін айтып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876973-madina-sduakasova-myna-demalys-bryngy-bargan-demalystardan-zgerek/

pixel