"Қатыннан қатынның артықшылығы қылығында": Сәбит Әбдіхалықов ерекше жазбамен бөлісті
Опубликовано:

Отандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықов әлеуметтік желіде аса ерекше жазба жариялап, ел арасында қызу талқыға себепкер болды. Әзілкеш әйгілі Төле бидің айтқан нақыл сөзін есін алған. Онда ол әйелдердің бір-бірінің алдындағы артықшылықтары келтірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сәбит Әбдіхалықов Instagram парақшасында үнемі бір астарлы сырға толы жазбалармен бөлісіп тұрады. Бұл дәстүрді өнер иесі бұл жолы да ұстанған.
Бірнеше мәрте үйленген актер Төле бидің әйелдер жайлы айтқан сөздерін ел назарына ұсынып, көпшілікті ойландырып қойды.
"Төле би айтқан: Жылқыдан жылқының артықшылығы етінде де емес, жүзден жүйрік тұлпарлығында да емес. Түбінде біз оны жейміз. Сондықтан бір-ақ асым еті артық. Ал қатыннан қатынның артықшылығы сұлулығында емес, тұла бойында да емес. Сұлу болсын, болмасын. Әр қатынның өзіне жарасымды қылығы болады. Сондықтан қылығы артық. Ал жігіттен жігіттің артықшылығы, ол мыңды басқарған батыр болсын, қол басқарған қолбасшы болсын, ел басқарған хан болсын. Артықшылығы онда емес. Ер жігіттің артықшылығы бір-ақ ауыз сөзінде, сол сөзінде тұра білсе" , - деп жазды актер.
Желі қолданушылары Әбдіхалықовтың жазбасының астына пікірлерін жаудырып, бұл мәселені қызу талқылап тастаған. Олар үш рет отбасылы болған отандық жұлдыздың түсінігіне тамсанып, оған жылы оебіздерін білдірді.
"Өте жақсы айтылған. Ер адамдар сөздерінде тұрып жүрсе керемет болар еді" , "Өте орынды нақыл. Келісемін, жарайсыз" , "Тауып айтқан. Осыны түсініп жатқаныңыз дұрыс болған" , - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876999-katynnan-katynny-artyksylygy-kylygynda-sbit-bdihalykov-erekse-zazbamen-blisti/