Қазақтың ұлттық киімін киген Айгүл Мүкей елді тәнті етті (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей ұлттық киім киген суретімен бөлісіп, ел назарын өзіне аударды. Желі қолданушылары ақпарат өкілін мұндай образда көріп үйренбегендіктен оған қатты таңғалғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Мүкей Instagram парақшасында қазақтың ұлттық киімін киіп тұрған фотосын жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Қалың көпшілік тележүргізушінің ата дәстүрге айналған киім үлгісін бүгінде қайта жаңғыртып, жас ұрпаққа насихаттап жатқаны үшін риза болды.
Олар аталмыш суреттердің астына ақпарат өкілінің қазақи образына қатысты пікірлерін қалдырып жатыр.
"Ақылына көркі сай хас сұлу деп айтар едім сізді" , "Қандай жарасымды, құндылығымызды ұмытпайық" , "Нағыз қазақ қызы", "Ұмыт болып бара жатқан ата дәстүрді насихаттап жатқаныңыз өте дұрыс. Қазіргі жастар құндылықтарымызды қастерлеуден қалды" , "Керемет, айтарға сөз де таппай тұрмын" , "Қазақтың ұлттық киімі деген бірен көзге түседі ғой", "Қазақ қыздарына бәрі де жарасады" , - деп жазуда желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, бұған дейін желідегілер әнші Жанар Дұғалованың аса ашық образын қызу талқыға салған болатын. Ерлер қауымы талдырмаш мүсінді эстрада жұлдызына ғашық болып, өз сезімдерін білдірген.
Оған қоса, Мөлдір Әуелбекова да орамал тартып жүргенін сынға алғандарға жауап берді. Өнер иесі орамалды образына қатысты жағымсыз пікірлер айтқан адамдарға үндеу жасап, оларды орнына қойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1877231-kazak-lttyk-kiimin-kigen-ajgl-mkej-eldi-tnti-etti-foto/