Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелі тыйым салған ба": Тәуекел Мүсілім махаббат сахналарынан неге бас тартып жүр

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mussilim

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім үйленгеннен кейін шығармашылығында бірқатар тыйымдар орнатуға мәжбүр болған. Белгілі актер бүгінде режисерларға сүйісу немесе құшақтасу сахналарын алып тастауын талап етіп жүрген көрінеді. Оған жұлдыздың жары тікелей себепші болуы мүмкін. Ел арасында қызу талқыланып жатқан бұл мәселенің анық-қанығын өнер иесінің өзі айтып берді KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Тәуекел Мүсілім қазіргі таңда расымен оғаш сахналарға келісімін бермей жүргенін растады. Алайда, жеңіл сезімді көрсетуден бас тартпайтын болып шықты. Актердің сөзінше, жары оның шығармашылығы мен жұмысына асқан түсіністікпен қарайды.

"Осы тыйымдар жайлы қайдан естіп аласыздар? Бәрі гонорарға байланысты. Тыйымға келетін болсақ, ыңғайсыздау әрі ұятсыз сахналарға мен келісімімді бермеймін. Дегенмен, белгілі бір сезімді көрсету керек болып жатса, әрине Махаббат түсінеді. Үйленгеннен кейін өмірім жақсы жаққа ғана өзгерді. Күнделікті киім үтіктеулі, тамақ дайын. Таңертең үйден тоқ болып шығасың", - деді актер.

Оған қоса, Тәуекел жарына дейін жүрген қыздарына қатысты пікір білдірді. Ол бұрынғы қыздары мазаламайтынын айтты. Сері жігіт отау құрғалы телефон нөмірін ауыстырып тастаған.

"Махаббатқа дейінгі махаббаттарым мазаламайды. Махаббат менің жалғыз ғана махаббатым. Сол себепті басқа ешкім жайлы ойламаймын да. Әрине, мен оны қызғанамын. Әйелін қызғанбайтын ер азаматтарды түсінбеймін. Еш шектемеймін. Өзінің ұнаған мамандығымен айналыса алады. Тек шектеулі уақытқа дейін. Оның өз мамандығы бар. Ол - дәрігер, соны жалғастырып оқиды" , - деді Тәуекел Мүсілім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1877267-jeli-tyjym-salgan-ba-tuekel-msilim-mahabbat-sahnalarynan-nege-bas-tartyp-zr/

pixel