Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kenzo брендінің негізін қалаушысы коронавирус салдарынан көз жұмды

Жарияланған күні:

Кендзо Такада
Фото: Francois Durand/Getty Images

Жапониялық сәнгер әрі дизайнер Кендзо Такада коронавирус инфекциясы салдарынан 81 жасынан асқан шағында көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Францияда коронавирус инфекциясының ушығып кетуі нәтижесінде 81 жастағы әйгілі дизайнер Кендзо Такада қайтыс болды. Kenzo брендінің негізін қалаушысы жайлы қаралы хабарды К-3 сән үйінің өкілдері хабарлады. Аталмыш сән үйді Такада осы жылдың қаңтар айында ғана іске қосқан еді.

"Кендзо Такада 2020 жылдың төртінші қазанында америкалық Нейи-сюр-Сен клиникасында COVID-19 инфекциясының ушығып кетуі салдарынан қайтыс болды", - деді сәнгер өкілі. Бұл туралы Monde басылымынан белгілі болды.

Жапония тумасы Париж қаласына 1965 жылы көшіп келіп, біраз уақыттан кейін айтарлықтай жетістікке жеткен. Қоныс аударғанына бес жыл болған кезде оның алғашық топтамасы жарыққа шықты. Оны ол Galerie Vivienne бутигінде жасап шығарды.

1983 жылы Такада ер адамдарға арналған киімдер топтамасын іске қосса, 1988 жылы өзінің тұңғыш иіс суын шығарды. Дизайнер оған Kenzo Kenzo деген атау берді.

Бүгінгі күні әйелдер, ерлер мен балаларға арналған киімдер, аксессуарлар мен парфюмерияны жасап шығаратын тауар маркасы LVMH компаниясына тиесілі.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ перзиденті Дональд Трамптың сынамасы оң нәтиже көрсетіп, оның коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1877743-kenzo-brendini-negizin-kalausysy-koronavirus-saldarynan-kz-zmdy/