Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тележүргізуші Аида Боранбай 30 жасын дүркіретіп атап өтті (фото)

Опубликовано:

Аида Боранбай туған күнінде
Фото: Instagram/aida_boranbay

Отандық танымал журналист Аида Боранбай 30 жасқа толуына орай үлкен дастархан жайып, жақын құрбыларымен естен кетпес кеш ұйымдастырды. Тележүргізуші желіде олармен түскен суреттерін жариялап, туған күні қалай өткенін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аида Боранбай жаңа жасын Алматының әсем мейрамханаларының бірінде атап өткен. Белгілі журналистің туған күніне оның жұмыстағы және өмірдегі жақын құрбылары жиналған.

Қызығы, мерекелік кеште тек қыз-келіншектер ғана бой көрсеткен. Олардың арасында танымал актрисалар мен продюсер ханымдар, 31 арна ұжымының арулары және де "МузАРТ" мүшелерінің әйелдері де болды. Мейрамбек Бесбаев пен Кенжебек Жанәбіловтың жарлары Аида Боранбайды арнайы барып құттықтаған.

Кеш қонақтары туған күн иесіне құр қол бармай, оны гүл шоқтарына көмкере сый-сыяпаттарын табыстап жатты.

Аида Боранбай өзіне ақ тілегін айтуға келген әрбір мейманымен бірге суретке түсіп, Instagram парақшасында әрқайсысына ерекше әрі жылы лебізді жазба жариялаған.

Туған күн иесі өзінің жеке мерекесінде толығымен ақ түсті образда болды. Алайда, келген көпшілікке белгілі бір дресс-код талабы қойылмаған. Арулардың барлығы түрлі түсті киім киіп барған.

Айта кетейік, бұған дейін Аида Боранбайың 30 жас туған күнінде бұрыннан келе жатқан арманын орындап, ата-анасына су жаңа темір тұлпар тарту еткенін жазған болатынбыз. Журналистің әкесі мұндай тосын сый күтпегендіктен көңілі босап, жылап жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1877993-telezrgizusi-aida-boranbaj-30-zasyn-drkiretip-atap-tti-foto/

pixel