Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"70 үйден 25-і ғана қалыпты": Асхат Тарғын туған ауылын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Асхат Тарғын мотоциклдің үстінде
Фото: Instagram/askhat_targin

Отандық танымал әнші Асхат Тарғын қалың көпшілікке өзінің туып өскен жерін көрсетті. Өнер иесі туған өлкесіне ат басын бұрып, сағынышын басып қайтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Тарғын өзінің кіндік қаны тамған жері Шалқар ауылына аттанып, туған мекендегі демалысы қалай өткенімен бөлісті. Эстрада жұлдызы жанкүйерлеріне балалық шағына куә болған жерді көрсетіп, Instagram парақшасында қызықты видеоларды жариялады.

Әншінің сөзінше, кезінде ауылда 70 үй болса, бүгінде бар-болғаны 25 баспана ғана қалған. Асхат Тарғынның ауылдастары ол секілді басқа өңірлерге көше бастаған.

"Ауылым алтын бесігім. Бұрын бала кезімде ауылда 70 тен астам үй болатын. Қазір 25 үй қалыпты. Сонда да ауылым ыстық. Суын айтсаңшы,балдай. Менің ауылымдағыдай су еш жерде жоқ ау сірә. Оны тек ішіп көру керек. Бибіталы ағаммен Мәдина апамда көшейін деп отыр екен" , - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.

Желі қолданушылары өз туған мекенін ешкімнен жасырмай-ақ көрсеткен әншінің асқан қарапайымдылығына тәнті болған. Олар өнер иесіне деген мақтау сөздерін жаудырып, ауылын ұмытпай барып тұратынына риза болған.

"Керемет ауыл мал жайлайтын,маған ұнады ауылың менде осындай жерде өскенмін. Таза ауа,таза су жер астынан шығатын" , "Ауылдың ауылында тұрыпсыз ғой. Жарайсыз туған өлкені ұмытпай, ат басын бұрып тұрғаныңыз мақтауға тұрарлық" , "Неткен қарапайым кісі. Туған жері өзіне қашанда ыстық болады" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878007-70-jden-25-i-gana-kalypty-ashat-targyn-tugan-auylyn-krsetti-foto-video/