Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Қалаулымның" қатысушысы алғаш рет ана атанды (фото)

Опубликовано:

Зарина Сапар
Фото: Instagram/zarinasapar_

Елімізде аса танымал бағдарламалардың бірі саналатын "Қалаулымның" арқасында бірқатар жұптар отбасын құрып жатса, енді бірі ата-ана атанып үлгерген. Атышулы жобада танысып қосылған Зарина Сапар мен Айдос Игіліков бүгін қызды болды. Алайда, ерлі-зайыптылар тұңғышы дүниеге келмей жатып, өзара түсінесе алмай ажырасып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған ана қызды болғанын бірден Instagram оқырмандарынан сүйінші сұрап хабарлады. Зарина Сапардың жүктілігі отбасылық жағдайларға байланысты аса ауыр өткен болатын. Бойжеткен аяғы ауыр болған кезде жолдасымен келісе алмай, ақыр-соңы онымен ажырасып тынды.

Жаңа босанған ана перзентханада қызымен түскен фотосын жариялап қойған. Суретте Зарина Сапардың көз жасын тыя алмастан, сәбиін иіскеп жатқанын байқауға болады.

"Аллаһу Акбар! Анашым сенің қадірің басыма енді жетті. Қош келдің қызым өмірге. Сүйінші сұра деп қолқа салып едіңіздер" , - деген жазба қалдырды ол қызы екеуінің фотосы астына.

Айта кетейік, Айдос Игіліков пен Зарина Сапар да "Қалаулым" жобасының қатысушылары болған. Екеуі де үміткер қабылдап жүрген шақта жігіт ешкімге ескертпестен қызды кенеттен алып қашып, оның үміткерін ыңғайсыз жағдайға қалдырады.

Беташар жасап, діни жолмен ресми түрде ерлі-зайыпты атанған соң жастар арасында алғашқы келіспеушіліктер туындайды. Айдос пен Зарина атышулы жоба қатысушылары болғандықтан әрдайым халық назарында болды. Олар бір айырылысып, бір қосылып жүрді.

Алайда, Зарина Сапардың жүктілігі кезінде ерлі-зайыптылардың ресми түрде ажырасып кеткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878327-atysuly-kalaulymny-katysusysy-algas-ret-ana-atandy-foto/

pixel