Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тастап кетсе де жібермеймін": Жұлдызай Дүйсенбиева жолдасы кім екенін айтты

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Фото: Видеодан кадр

Әзіл-оспақ театрларында өнер көрсетіп, көпке танылған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жолдасы туралы жан сырын ақтарды. Әдетте, отағасы туралы сұрақтарға жауап беруден қашатын өнер иесі бұл жолы барынша ашылды. Ол отыз жасында әрең тапқан серігін ешкімге бермейтінін кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуі мүлдем танымалдылыққа ұмтылмайтын жан екенін жеткізді. Оның үстіне актриса қанша жерден вайн түсіріп, жарнама үшін ақша алса да, үйге басты табысты отағасы түсіретінін айтты.

"Алдараспанның" жұлдызы жолдасы туралы бар шындықты "Oybay show" бағдарламасына берген сұхбаты барысында ақтарды. Ол не себепті сүйіктісін қаллың көпшілікке көрсетпейтінін түсіндіріп өтті.

"Жолдасым танымалдыққа ұмтылған жан емес. Өзін көрсеткенді ұнатпайды. Қонаққа барғанды ұнатпайды. Менің де мінезім сондай. Өзінің желіде жүргенін қаламайды. Мен оның таңдауын, құқығын сыйлаймын. Күйеуім көрсетуге ұялатын адам емес. Керісінше мақтануыма болады. Ондай күйеу ешкімде жоқ. Мені күйеуімен ажырасып кетті, өтірік жасырып жүр деп ойлайтындар да бар шығар. Бірақ мен өзім 30 жасымда әрең тапқан жолдасымды тастап кетем десе де жібермеймін" , - деді актриса. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева алғаш рет театрдан кету себебін ашып айтты. Актриса материалдық жағынан бөлек, Нұржан Төлендиевтың ауыр сөздерін көтере алмаған.

"Туканың" айтқан сөзі оның намысына қатты тигені соншалық, ол бірден сахнамен қош айтысуды жөн көрді. Сонымен қатар, Төлендиев Жұлдызайға еңбекақысын төлемеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878464-tastap-ketse-de-zibermejmin-zldyzaj-djsenbieva-zoldasy-kim-ekenin-ajtty/

pixel