Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арман мен Аша ажырасты ма": Отандық шоу-бизнес жұлдыздары жауап берді

Опубликовано:

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай
Фото: Instagram/asha_matai6

Соңғы уақытта халық арасында Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың отбасы қызу талқыланып жатыр. Қос жұлдыз ел алдына бірге шықпай, ортақ фотолармен бөлісуді қойды. Оған қоса, олар әлеуметтік желіден бір-бірін өшіріп, балаларымен бөлек уақыт өткізіп жүр. Осы жайттарды ескере отырып, желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман мен Ашаға қатысты қауесеттер тележүргізуші екінші қызын босанғаннан кейін бастау алды. Көпшілік сәбиінің қырқынан шығаруын төркінінде жасаған ананы сол кезде жерден алып, жерге салған болатын.

Алайда, кейін Аша Матай өзінің отбасылық жиындарында үнемі Армансыз жүретін болғаны байқалды. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды сұрақтың астына алғанымен, екеуі де бұл мәселеге қатысты әлі де үнсіздік сақтауда.

Жұлдызды жұп бәрін құпия сақтауға тырысқанымен, олардың өнердегі әріптестері үндемей тұра алмады. НТК арнасындағы "Опмай-Опмай" бағдарламасына сұхбат берген шоу-бизнес өкілдері жұбайлардың ажырасуына қатысты пікір білдірді.

Арман мен Ашаның отбасымен жақсы араласатын әнші Салтанат Бақаева олардың арақатынастарында не болып жатқанын білетінін алға тартты. Эстрада жұлдызы ажырасуға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл жайында айтатын болсам. Оларға қатысты кез келген ақпаратты мен өз басым білемін. Отбасыларында бәрі жақсы сияқты. Бір-біріне жазылған немесе жазылмағанын байқамаппын. Бірақ, бәрі жақсы сияқты" , - деп ағынан жарылды Бақаева.

Белгілі продюсер Алтынбек Рахметов ерлі-зайыптыларға қатысты шыққан негізсіз ақпаратты біреудің ойдан шығарған өсегіне теңеді.

"Арман мен Аша аса жарасымды жұп. Бұл шамасы бәреудің шығарған өсегі шығар. Ашаның жанұясын жақсы танимын. Жақсы араласамыз. Ондайды шоу-бизнестің төңірегінде жүріп, естімеппін" , - деді Рахметов.

Алайда, продюсер соңғы кезде оларды бірге көрмей жүргенін жасырмады. Оның сөзінше, отбасылық дағдарыс кез келген уақытта орын алуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878499-arman-men-asa-azyrasty-ma-otandyk-sou-biznes-zldyzdary-zauap-berdi/

pixel