Талдырмаш мүсінді Жанар Дұғалова ерлер қауымын елең еткізді (фото)
Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Дұғалова тағы бір жаңа образын ел назарына паш етті. Өнер иесінің денесіне жабысып тұратын түрлі түсті көйлек оның талдырмаш мүсінін көрсетіп, ерлер қауымын естен тандырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жанар Дұғалова Instagram желісіндегі жеке парақшасында мінсіз мүсінді бейнесін көрсетіп, барша ер-азаматтардың назарын өзіне аударды. Өнер иесі аса батыл образда ел алдына шығып, өзінің талдырмаш дене бітімін паш еткен.
Әншінің әрбір жаңа суреті ғаламтор кеңістігінде қызу талқыланып жатады. Қыз-келіншектер оны үлгі тұтса, ерлер қауымы оған деген сезімдерін ашық түрде білдіріп жатады.
"Мінсіз мүсінду ару. Көйлегіңіз бен образдарыңыз әрдайым ерекше" , "Жарасып тұр. Недеген фигура, көпке арман" , "Өзіңізге тәнтімін. Әрдайым жарқырап жүре беріңіз" , "Образ сәтті шыққан, бірақ бояуды тым артық етіп жіберген сыңайлы" , "Ғашық болдым. Бір көргеннен сүйіп қалдым" , "Менің жарым боласыз ба" , "Бір мүмкіндік берші. Жүрегіңді жаулап аламын", "Экранға шыға бергенше, байға шықсаңшы" , "Бояуды тым әсірелеп жіберетін болыпсыз", "Осыдан кейін қалай ғана ғашық болмайсың?", - деп жазуда желідегі оқырмандар.
Айта кетейік, бұған дейін ерекше образдағы фотосессиясымен ерлерді Мадина Сәдуақасова да естен тандырған болатын. Эстрада жұлдызы Мысырда клеопатра кейпіне еніп, құмды далада әдемі кадрлар жасаған.
Әнші шетелге демалысқа ұлы мен туған сіңлісімен барған. Жолдасының қасында болмау себебі бегісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878548-taldyrmas-msindi-zanar-dgalova-erler-kauymyn-ele-etkizdi-foto/