Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мықты болуға тырысамын": Аша Матайдың басқа елге көшейін деп жатқаны рас па

Опубликовано:

Аша Матай
Фото: Instagram/asha_matai

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матайдың желідегі жазбасы барша жанкүйерлерінің көңілін түсірді. Шоу-бизнес жұлдызы қазір өзінің қандай жағдайда екенін айтып, көпшілікті уайымдатып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай өзі үшін тым қиын кезеңде қамқорлық танытып, қол ұшын созып жатқан жақындарына алғысын жеткізді. Белгілі болғандай, өнер иесі қатты сырқаттанып қалған сыңайлы. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Әншінің сөзінше, өзі ауырып жатса да, балаларының хәлі жақсы.

Оның үстіне, Аша Матай басқа елге көшу туралы ойлар өзін көп мазалай бастағанын айтып қалды. Желідегілер бірден дабыл қағып, жұлдыздың мұндай жағдайға тап болуына қайтадан жолдасы екеуінің арақатынасы себепкер деп болжап жатты.

"Жағдайым мәз емес. Бірақ, мен мықты болуға тырысып жатырмын. Қамқорлық танытқан жақындарыма рахмет. Қазіргі уақытта маған қамқорлықтан басқа ештеңе керек емес. Күз келіп, суық күндерді де ала келді. Суық тию, қабыну және гайморит. Алайда, балаларымның халі жақсы, Аллаға шүкір. Әрдайым жылы жерде тұрғым келеді. Жыл сайын мен суыққа әрең төзіп келемін. Мүмкін көшіп кетуді ойластыратын уақыт келді ме? Қайда көшуге болады? Ұсыныстарды тастаңыздаршы" , - деп жазды Аша Матай.

Айта кетейік, бұған дейін отандық шоу-бизнес жұлдыздары Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың ажырасқанына қатысты жауап беріп, олардың жұбына жайлы өз ойларын айтқан болатын. Салтанат Бақаева танымал жанұяда не болып жатқанынан хабардар болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878749-mykty-boluga-tyrysudamyn-asa-mataj-baska-elge-ksejin-dep-zatkany-ras-pa/

pixel