Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі аптадан кейін беташар": Мұхтар Ханзада жақында отау құрмақ

Опубликовано:

Мұхтар Ханзада
Фото: Instagram/muhtar_hanzada

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мұхтар Ханзада да өнердегі бауырларынан қалыспай, алдағы уақытта бойдақ өмірмен қош айтыспақ. Хит әндердің орындаушысы жақында отбасын құруға ниетті болғандықтан барынша тойдың қамына кіріскен. Жеке өмірін жасырын ұстауға тырысқан әншінің бұл құпиясын өзімен сахналас ағалары айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұхтар Ханзада көптеген эстрада жұлдыздары секілді ешкімге білдіртпестен үйлене салуды жөн көрсе керек. Алайда, оның бұл ойының іске асуына өнердегі ағалары кедергі келтірді.

НТК арнасындағы "Опмай-опмай" бағдарламасына сұхбат берген шоу-бизнес жұлдыздары жас әншінің алдағы уақытта үйленетінін жайып салды.

Алғашқылардың бірі болып, бұл жаңалықты Бауыржан Бакиров пен Талғат Күзденбаев растады. Олардың айтуынша, екі аптадан кейін беташар той болмақ. Қос асаба достарының қуанышында қызметте болатындарын алға тартты.

"Танымал адамның қаншама табынушылары бар, көрермендері бар. Соған бола жасыратын шығар деп ойлаймын. Бірақ, біз бұл жайында естідік. Досымыз ғой, бұйыртса қызметтеміз" , - деді олар.

Оған қоса, Мақсат Базарбаев Мұхтар Ханзаданың қайын ата-енесімен танысқан сәтіне куә болғанын айтып берді.

"Бұлай істеуіне тыңдармандарымыздан айырылып қаламыз деген ұғым шығар. Бірақ, енді Мұхтардың маған айтпай үйленгені - қате болды. Айту керек еді. Мүмкін ол өтірік те шығар. Ал беташарында біз боламыз. Ал енді Мұхтардің өзінің болашақ жарының атасы мен апасының жолыққан сәтіне, бірінші кездесуіне өзім куәгер болғанмын" , - деді Мақсат Базарбаев.

Мұхтар Ханзада өнер өкілдерінің айтқанына қарамастан, өзінің үйленгелі жатқанына қатысты нақты жауап бермей қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879050-eki-aptadan-kejin-betasar-mhtar-hanzada-zakynda-otau-krmak/

pixel