Абай Бегей әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Абай Бегей әйелі мен жаңа туған қызын перзентханадан шығарып, үйіне алып кетті. Жақында ғана шоу-бизнес жұлдызының отбасында алтыншы сәби дүние есігін ашқан болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Абай Бегей жас келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алуға жалғыз өзі бармаған. Маңызды күні өнер иесін ең жақын адамдары қолдап әрі құттықтап барған.
Әншінің қуанышына туған-туыстары мен бірінші некеден туған қыздары ортақтасқан. Жиналған көпшілік жас анаға гүл шоқтарын тарту етіп, өз ақ тілектерін айтты.
Қуанышты шараға эстрада жұлдызының тұңғыш қызы ғана келе алмаған. Ерке Абайқызының өзі де жақында ғана екінші мәрте ана атанған болатын. Ол сәбиі тым кішкентай болғандықтан отбасылық қуанышта бола алмады.
Абай Бегей әйелі мен кішкентай қызын үйге қалай алып кеткенін барша желі қолданушыларына көрсетті. Шоу-бизнес өкілі перзентханадан шығатын күні түсірілген видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялап қойған.
Онда алтыншы рет әке атанған әншінің бақыттан басы айналып, қатты қуанып жүргенін көруге болады.
Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің тағы да сәбилі болғанын хабарлаған болатынбыз.
Бұл өнер иесінің екінші әйелінен туған екінші перзенті болып табылады. Жаңа туған қыздан үлкен Мүслім деген ұлдары бар.
Еске сала кетейік, әншінің алғашқы әйелі ауыр сырқаттан көз жұмған болатын. Эстрада жұлдызының бірінші некесінен үш қызы және бір ұлы бар. Бастапқыда, екінші мәрте отау құрғанда Абай Бегейдің тұңғышымен арақатынасы бұзылып, кейіннен әкесі мен қызы мәселені шеше отыра татуласқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880350-abaj-begej-jeli-men-kyzyn-perzenthanadan-sygaryp-aldy-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.