Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел мен Махаббат Мүсілімнің бал айы қалай өтуде (фото, видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mussilim

Қазақстандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім мен оның жары пандемия кесірінен үйлену тойын жасамаса да, шетелге бал айына баруды жөн көрген. Бүгінде Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында жүрген ерлі-зайыптылардың демалысы қалай өтіп жатқанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Тәуекел мен Махаббат Мүсілім бал айын құпияға толы Мысырда өткізуді шешкен. Жас жұбайлар шетелге барып, демалып қайтпақ екендерін соңына дейін ешкімге айтпай келді.

Олар тек ұшақта отырған сәтінен фото жариялап, көпшілікті таңғалдырған. Белгілі болғандай, әдетте демалысқа актердің анасымен бірге аттанатын ерлі-зайыптылар бұл жолы шетелге тек екеуі ғана шыққан .

Тәуекел мен Махаббат Шарм-эль-Шейх қалашығындағы аса қымбат қонақ үйлердің біріне ат басын тіреген. Олар теңізге суға түсіп, Мысырдың әсем жерлерін аралап жүр. Жас жұбайлар әлемнің жеті кереметінің ішіне кіретін пирамидаларды көру үшін арнайы Каир қаласына барды.

Оған қоса, олар кемені тізгіндеп, жартас үстіндегі әсем мейрамхана асханасының дәмін көріп қайтты.

Тәуекел мен оның келіншегі Instagram парақшаларында ерекше демалыстары қалай өтіп жатқанымен белсенді түрде бөлісуде. Олар болашақта Мысырға баруға ниетті оқырмандары үшін барынша пайдалы ақпарат беруге тырысып жүр.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің карантинге қарамастан, әйелімен бірге Мысырға бал айын өткізуге кетіп қалғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, жас жұбайлар жақында алғаш рет ата-ана атанбақ. Желіде жарияланған видеодан Махаббат Мүсілімнің іші шығып қалғанын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880452-tuekel-men-mahabbat-msilimni-bal-ajy-kalaj-tude-foto-video/