Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мамасының баласы": Айдарбекова ұлын әйгілі Криштиану Роналдуға ұқсатты

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар білікті продюсер Гүлзира Айдарбекова хитмен ұлын әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналдумен салыстырды. Қайрат Нұртастың анасы олардың бойында ұқсас қасиеттері бар екенін аңғарған. Оның сөзінше, әнші мен аяқдопшы екеуі де "мамаларының балалары" болып табылады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас пен Криштиану Роналдуды салыстыра отырып, олардың ұқсас жақтарын анықтаған. Белгілі продюсер Instagram парақшасында әйгілі футболшының анасы жайлы сұхбатын жариялап, оның айтқан сөздерінің жаны бар екенін алға тартты.

Оған қоса, шоу-бизнес өкілі танымал шабуылшының анасына деген асқан сыйластығына тәнті болып, оны өз ұлына ұқсатты.

Аталмыш видеода Роналду бұрынғы сүйіктісіне оның әр шарасына анасының еріп баратыны ұнамағанын айтып берген. Футболшы наразылығын білдірген ғашығына анасын ешқашан тастамай қасында алып жүретінін түсіндіріп, онымен арақатынасын үзген болып шықты.

"Бірінші видеодағы, мына жігіт те мамасының баласы екен. Тура Қайрат сықылды. Бұл ойы кімге ұнады? Жүйкесіне тиіп, кімдерге ұнамады" , - деп жазы қойды видео астына Айдарбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекованың желіде танымал болған түрік қасапшысы Нұсрет Гөкшемен кездескенін жазған болатынбыз. Продюсер Дубайдан кейін Стамбұл қаласына аттанып, демалысын жалғастырған. Ол әйгілі қасапшының мейрамханасына арнайы барып, оның әзірлеген етінен дәм татып қайтқан.

Қайрат Нұртастың анасынан бөлек, ол жерге Айнұр Тұрсынбаева мен Сиви Махмуди де барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880478-mamasyny-balasy-ajdarbekova-lyn-jgili-kristianu-ronalduga-ksatty/

pixel