Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыттымыз": Атышулы Жәния Джуринскаяның үйлену тойы қашан болмақ

Жарияланған күні:

Жәния Джуринская сүйіктісімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық кино саласының жұлдызы Жәния Джуринская сүйіктісінің ұсынысынан кейін үйлену тойға деген дайындықты бастап кетті. Алайда, өзге өнер иелері дүркірете той жасап үлгеріп жатқанда атышулы актриса еш асығар емес. Бұл жайт желі қолданушыларын алаңдатты. Олар некелесу жайлы тақырыпты қозғамай кеткен қос ғашыққа қатысты түрлі болжамдарымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская өзінің үйлену тойын асыға күтіп жүрген көпшілікке алаңдауға еш негіз жоқ екенін түсіндіріп, думанды шараны қашан жоспарлап жатқандарын айтты.

Атышулы актриса ел көкейінде жүрген сұрақтарға Instagram парақашасында қысқа да, нұсқа жауап берді.

Оған қоса, киножұлдыз Джуринская деген тегіне қатысты бар шындықты ашты. Белгілі болғандай, оның апасы қазақ емес, әзірбайжан екен.

Алайда, аталмыш тегі әзірбайжандықтардан гөрі, еврейлер арасында кең таралған.

"Оқырмандарымды мазалап жүрген сұрақтарға жауап беріп өтуді шештім. Үйлену той мен құдалық міндетті түрде болады. Бірақ, пандемия біткен соі ғана жасаймыз. Байқоңырға ата-апамның ақ батасын алу үшін бардық. Себебі, олар өздері Алматыға келе алмайды.
Апам қазақ емес. Құжат бойынша ол - әзірбайжан. Алайда, қызығы, Джуринская деген тегі еврейлерге тиесілі. Менің әкем үйіндегі тұңғыш бала болғандықтан оны қазақ салт-дәстүрлері бойынша апамның әпкесіне берді. Ол кісіде бала жоқ еді. Ол әкеме өз тегін беріп, нәтижесінде мен де осы текте болдым. Таныстық та, отырыс та бәрі жақсы өтті. Біз бақыттымыз" , - деп жазды Жәния Джуринская.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Джуринскаяның үйлену тойын тез арада өткізуге асық екенін жазған болатынбыз. Ол сүйіктісі айнып қалмай тұрғанда, оған тұрмысқы шығып алғысы келетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880672-bakyttymyz-atysuly-znia-dzurinskaany-jlenu-tojy-kasan-bolmak/