Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайтып келмесең болды": Каратин Ерке Есмаханға несімен ұнап қалған

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ерке Есмахан карантин кезеңінің пайдалы жақтарын тізіп шықты. Өнер иесі өзге отандастары шектеулерден шаршап жүрген кезде, керісінше бұл сәттің өмірін түбегейлі өзгерткенін алға тартты. Әншінің сөзінше, карантин оған көп нәрсені үйреткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан карантиннің арқасында өмірге басқаша қарайтын болғанын жеткізді. Әнші шектеу шараларына толы уақыт оның ғана емес, барша адамзатқа ерекше өзгеріс алып келгенін айтты.

Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында осы тақырып аясында жазба жариялап, карантинге деген өз алғысын жеткізді.

"Карантин көп нәрсені үйретті. Бірінші байлық денсаулық жәй сөз болып еді, осы жылы бұл даналықтың тым актуалды екенін көрдік. Жұмыс, жұмыс дей бермей жақыныңа көңіл аудару керектігін ұғындырды. Ал жұмыс кез келген уақытта тоқтай салады екен. Карантин адамдардың жалғыз болмау керектігін, адамға адам керектігін ұқтырды. Карантин, саған рахмет! Бәрін түсіндік! Енді қайтып келмесең болады" , - деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, бұған дейін үйлену тойын дүркірете атап өткен Қуандық Рахымға карантин режимін бұзғаны үшін айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, Марат Омаров мына коронавирус пандемиясының қиын уақытында Димаш Құдайбергенге ел еңсесін көтеру үшін азан айтуға ұсыныс жасады. Өнер иесі күллі әлемді таңдай қақтырып жүрген тума таланттың орындауында азан естуді бұрыннан бері армандап жүргенін жасырмады. Оның сөзінше, көпшілік әншінің даусынан жігерленіп қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880897-kp-nrseni-jretti-erke-esmahanga-karantin-nesimen-nap-kalgan/