RU

Әнші Индира Еділбаева "Халық алғысына" ие болды

Индира Еділбаеваға төсбелгі тағылған сәт
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Индира Еділбаева өнер саласындағы жетістіктері үшін "Халық алғысы" мараптына ие болды. Отандасымыз Украинаның үлкен музыкалық жобасында көпшілікті таңдай қақтырып, финалға дейін жеткен болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалықпен Индира Еділбаеваның өзі Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесі барша жанкүйерлерінен сүйінші сұрап, ерекше марапатқа ие болған сәтінен видео жариялады.

Еділбаеваға ерекше төсбелгіні табыстау салтанатты түрде өтті. Өнер саңлақтары үлкен жиында жас әншіні құттықтап, оған өз ақ батасын берген. Талантты аруға "Халық алғысы" медалін Алтынбек Қоразбаев таққан.

"Сүйінші! Бүгін еліміздің мәдениет министрлігінен ерекше марапатқа ие болдым. Маған "Халық алғысы" медалін табыстады. Қуанышымда шек жоқ. Маған қолдау көрсеткен баршаларыңызға үлкен алғыс айтамын" , - деп жазды Индира Еділбаева.

Айта кетейік, Индира Еділбаева әйгілі "Украина дауысы" музыкалық додасына қатысып, ән айту шеберлігімен көпшілікті таңдай қақатырған еді. Қазақстандық әнші жобада танымал әлемдік жұлдыз Дан Баланның тобында өнер көрсетті. Ұстазы екеуінің достығы жобадан кейін де жалғасын тапқан.

Сонымен қатар, Индира Еділбаеваның есімі соңғы уақытта желіде қызу талқылануда. Желі қолданушылары жас әнші белгілі вайнер Артур Асқарұлымен кездесіп жүргенін болжап жазуда. Мұндай қауесеттерге жастардың үнемі бірге жүруі мен ортақ демалыстары себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881515-nsi-indira-edilbaeva-halyk-algysyna-ie-boldy/