Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы қалаулымдық ару тікелей эфир кезінде ұзатылды (видео)

Опубликовано:

Қалаулымдық арудың ұзатылуы
Фото: Видеодан кадр

Атышулы " Бір болайық" қатысушысы бағдарламаның арқасында өмірлік серігін кезіктіріп, тікелей эфир кезінде ұзатылды. Атышулы жобада махаббатын тапқан хиджабтағы арудың ұзату тойы студия қабырғасында өзге қатысушылардың қатысуымен өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай есімді ару "Бір болайық" жобасына жүрегінің жартысын тауып, онымен шаңырақ көтеру үшін келген. Оранған арудың қалауы орындалып, бойжеткен өзіне үміткер болып келген Әли деген жігітпен көңіл жарастырған.

Біраз уақыт бойы таныстық үстінде болған жұп бірін-бірі ұнатып, көпке созбай отбасын құруды ұйғарған. Жас жігіт сүйіктісіне тосын сый болсын деп ойламаған жерден тікелей фэирде үйленуге ұсыныс жасаған. Алтынай ғашығына "иә" деп жауап берді.

Өткен аптаның жұмасында қос ғашықтың алғашқы қуанышы тойланды. "Бір болайық" студиясында хиджабтағы арудың ұзату тойы өтті. Мерекелік шараға жоба қатысушылары мен ұжымы қатысты. Оған қоса, Алтынайды белгілі әнші Баян Нұрмышеваның өзі арнайы келіп ұзатқан.

Ұзату кезіндегі видеолар бағдарламаның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Қуандық Рахымның да үйленіп, тойын дүркіретіп атап өткенін жазған болатынбыз. Шоу-бизнес жұлдызының қуанышына оның өнердегі достары Төреәлі Төреәлі, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа қатысқан.

Төреғалиге тіпті жаңа түскен келіннің бетін ашу мәртебесі берілген.

Алайда, өнер иесінің шаңырақ көтергенін дүркірете тойлағаны полиция назарына ілікті. Нәтижесінде Қуандық Рахым қайынжұртымен қоса айыппұл төлейтін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881618-atysuly-kalaulymdyk-aru-tikelej-efir-kezinde-zatyldy-video/

pixel