Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасай беріңіз": Дана Нұржігіт Роза Рымбаеваны туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Дана Нұржігіт пен Роза Рымбаева
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Қазақстандық телевизия саласының маманы Дана Нұржігіт өнер дүлділі Роза Рымбаеваны туған күнімен құттықтап, оған жүрекжарды жабасын арнады. Тележүргізуші өзі үлгі тұтар әншімен алғашқы кездесуін есіне алып, сол күннің қызықтарын оқырмандарымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт Роза Рымбаеваны жаңа жасымен аса ерекше құттықтап, оған өзінің асқан ыстық ықыласы мен сыйластығын танытты. Ол өнер дүлділінің есімін нағыз отандық брендке теңеді.

Белгілі болғандай, тележүргізуші әншіні алғаш рет 11 жасында көрген. Ол әкесімен Рымбаеваның концертіне барып, оның қолтаңбасын алған. Сол кезде өнер иесі кішкентай Данаға өз тілегін айтқан. Қызығы, әншінің айтқан сөздері кейін шын мәнінде орындалған болып шықты.

"Роза Рымбаева- бұл есім қазақстандық бренд. Розаның қуанышы мен қайғысы, әндерімен өрілген өмірі баршамыздың көз алдымызда өтіп жатыр. Роза Қуанышқызын өмірде алғаш көрген кезім есімде. Еңбекшіқазақ ауданында мәдениет басқармасын басқарған әкем атақты әншіні сол кездегі сүйемелдеуші ансамбль "Араймен" бірге Есік қаласының мәдениет үйіне концерт қоюға шақырған. Кеш соңында грим бөлмесіне әкеммен бірге кіріп, Роза Қуанышқызынан қолтаңба алған едім.

"Бақыт тілеймін!" деп жазған суреті әлі сақтаулы тұр.Бұл 1983 жылғы оқиға еді. Осыдан 12 жыл бұрын, 2008 жылы Балқашқа,бір топ өнерпаздармен ұшатын болдық. Роза Қуанышқызымен сапарлас болатынымды біліп, баяғы суретті ала шықтым. Ұшақта атақты әншімен қатар отырып,әңгімелесіп келе жаттық. Сөздің ыңғайы келгенде Розадан тағы да қолтаңба сұрадым. Журналистік қойын дәптеріме, "Дана! Бақыт тілеймін!"деп жазып,қол қойып жатқанда, мен сөмкемнен 1983 жылғы суретті шығарып,сол жолғы қолтаңбасын өзіне көрсеттім.

"Көрдіңіз бе,Роза Қуанышқызы,мынау 25 жыл бұрын жазып берген тілегіңіз.Қабыл болды.Мен бақыттымын.Ол кезде 11 жаста едім.Қазір Сізбен сапарлас болып,тағы да бата сұрап отырмын.Сіз тағы да маған бақыт тіледіңіз.Қабыл болсын!" дедім. Роза Қуанышқызының еңбекқорлығын,төзімділігін,намысын,өжеттілігін бар қазақтың бойына берсе ғой, шіркін! Бірге жұмыс істеген жобаларда қаншама артистің "еркелігін" көріп,көңілім қалатын жағдайлар болғанын жасырмаймын.

Роза еңбекқорлығымен таңғалдыратын. Режиссер қанша дубль десе,сонша рет қайталап,таңғы алтыда екі шабадан костюмдерін өзі жинап,ешкімге салмақ салмай,үндемей үйіне қайтатын.Екі сағат тынығып келіп,таңғы 9-да гримде отырады! Браво! Ол шын мәніндегі Еңбек Ері.Халық артисі. Бүгін оның туған күні.Роза Қуанышқызы,көп жыл бұрын маған тілеген бақытты енді өз кезегімде мен шын жүрегімнен Сізге де тілеймін! Жасай беріңіз! Ұлдарыңыз қуантып,немере сүйіңіз! Біз Сізді мақтан тұтамыз" , - деп ағынан жарылды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882056-zasaj-beriiz-dana-nrzigit-roza-rymbaevany-tugan-knimen-erekse-kttyktady/

pixel