Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің отбасы пандемия кезінде Түркияға саяхаттап кетті (фото, видео)

Опубликовано:

Төреғали қарындастарымен
Фото: Instagram/toregalitoreali

Отандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің ата-анасы мен қос қарындасы пандемияға қарамастан Түркия еліне демалысқа аттанды. Жұлдызды әулет мүшелері бүгінде Стамбұл қаласының әсем жерлерін аралап, сол жердегі жерлестерімен кездесуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің жақындары бауырлас елге саяхаттап кеткенімен, өнер иесінің өзі Қазақстанда қалған. Қызығы, әншінің қарындасы Фариза Төреғали бұл демалысқа жолдасы Дархан Нортаевсыз, тек өз ата-анасы мен сіңлісімен барған.

Эстрада жұлдызының қос қарындасы Instagram желісінде барынша белсенді болуға тырысып, демалыстары қалай өтіп жатқанымен бөлісіп жүр.

Жақында ғана тұрмысқа шыққан Фариза Төреәлі шетелге жолдасынсыз бір өзі баруының себебін оқырмандарына ертең айтып беруге уәде етті.

Төреғали Төреәлі өз кезегінде Instagram парақшасында Stories бөлімінде әкесінің "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс серкесі Арман Жұмагелдиевпен түскен фотосын жариялады. Стамбұлды мекен еткен отандасымыз жұлдызды әулет мүшелерімен арнайы кездескен болу керек.

Айта кетейік, қазіргі таңда бірқатар қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Мысыр елінде демалыс өткізуде. Олардың қатарында Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали, Жәния Джуринская мен жолдасы, Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева, Сая Оразғалиева, желі жұлдызы Мадлен және Байзақованың інісі бар.

Оларға дейін Шарм-Эль-Шейхта Тәуекел мен Махаббат Мүсілімдер бал айын өткізіп қайтқан еді.

Әлихан Төлепов пен Дикий Арман
Фото: Instagram/toregalitoreali

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882120-tregali-trelini-otbasy-pandemia-kezinde-trkiaga-saahattap-ketti-foto-video/

pixel