Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай: Ұлтымызға қайшы бөтен мерекелерді тойлауды доғару керек

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/sadyrbayaskhat

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай салт-дәстүрімізге жат болып келетін шетелдік мерекелердің елімізде тойланып жатқанына қарсылығын білдірді. Ақпарат өкілі ұлтымызға қайшы мейрамдарды атап өтуді тоқтату керек екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай балабақшалар мен мектептерде бөтен мерекелерді атап өту үрдісі әлі жалғасын тауып келе жатқанына шүйлікті. Ол Хэллоуин сынды мейрамдарға қатысты ой-пікірін Instagram парақшасы арқылы қалың көпшілікке жеткізген.

Белгілі журналист отандастарына үндеу жасап, өзге елге еліктегенше қазақи салт-дәстүрге сай мерекелерді тойлауға шақырды.

"Ода тұрған не бар дейтін шығар кейбіреулер. Бірақ балабақшаларда, мектептерде Хэлллоуин немесе басқа да біздің ұлтымызға, елімізге, салт-дәстүрімізге қайшы, бөтен мерекелерді тойлауды доғару керек деп санаймын. Бұл мерекеден балаларымыздың болашағына нұр болатын ешқандай бір жарық сәуле көрмедім. 1-2 ай шыдасаңыздар орыстардың Жаңа жыл мерекесі келеді.
Ол жерде де қиялға ерік беріп, неше түрлі образдарға орануға болады. Ал, тағы сәл шыдасаңыздар өзіміздің ұлттық мерекеміз Наурыз келеді. Вот, сол мерекемізді жақсылап атап өтсек болар еді. Ал, ананың да, мынаның да қаңсығын таңсық көру. Кейде біз әлі өзімізді таба алмай, адасып жүрген ұлт сияқты боп кетеміз. Әлде сондаймыз, білмеймін" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Айта кетейік, Асхат Садырбай бұған дейін беташарды мазақ етіп жүргендерді сынап тастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882596-ashat-sadyrbaj-ltymyzga-kajsy-bten-merekelerdi-tojlaudy-dogaru-kerek/