RU

Алтынай Жорабаева Түркияда қалай демалып жүр (фото, видео)

Алтынай Жорабаева
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Алтынай Жорабаева өнердегі әріптестерінен қалыспай, шетелге шығуды жөн көрген. Көпбалалы ана саяхатын Түркиядан бастаған. Ол Стамбұл қаласына барып, тарихи жерлерді аралап жүр. Өнер иесінің тосын сыйларға толы демалысы қалай өтіп жатқанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Алтынай Жорабаева осы жылы барша қазақстандықтар ағылып барып жатқан Стамбұл қаласына аттанды. Бұл демалысқа шоу-бизнес жұлдызы қыздарынсыз барғанға ұқсайды.

Ол Түркия еліндегі күндері қалай өтіп жатқанымен желі қолданушыларымен белсенді түрде бөлісіп жатыр. Әнші тарихи қаланың әсем жерлерін аралап, түрлі қызықты тосын сыйларға тап болуда.

Жорабаева Instagram парақшасында кемее келе жатқан сәтінен ерекше видео жариялап, көпшілікті қуантты. Онда өнер иесіне күтпеген жерден тосын сый жасалып, оны туған күнімен құттықтаған.

Көпбалалы ана естен кетпес сәтін барша жанкүйерлеріне көрсетуде шешкен.

Оған қоса, эстрада жұлдызы барша туристер қауымы суретке түскен шағала көп ұшатын үйдің төбесінде де болып қайтты. Ол да аса әдемі жерде естелікке фото жасады.

Айта кетейік, жақында ғана тұрмысқа шыққан актриса Жәния Джуринская коронавирус пандемиясына қарамастан, жолдасымен бал айына аттануды жөн көрген. Алайда, жұлдызды жұп Түркия емес, Мысыр елін таңдаған.

Ал Қайрат Нұртастың анасы Дубайдан кейін, демалысын Стамбұл қаласында жалғастырған. Гүлзира Айдарбекова ол жерде әйгілі түрік қасапшысы Нұсрет Гөкшенің мейрамханасына барып, онымен арнайы танысып қайтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882609-altynaj-zorabaeva-trkiada-kalaj-demalyp-zr-foto-video/