RU

Бидің түбін түсірген Димаш елді тәнті етті

Бала Димаш әкесімен
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Димаш Құдайбергеннің кішкентай кезіндегі видеосы тарап, қалың көпшілікті тәнті етті. Әншінің бала күнгі бейнежазбасын оның әкесі Қанат Айтбаев жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайбергеннің отбасылық мұрағаттағы видеосы Қанат Айтбаевтың Facebook парақшасында пайда болды. Бейнежазбадан тума таланттың кішкентай кезінде бидің түбін түсірген сәті көрініс тапқан.

Димаш әкесі домбырада күй тартып отырғанда оның қасында билей кеткен.

Желі қолданушылары сүйікті әртісінің бала күнінен үзінділермен бөлісіп тұратын оның әкесіне алғысын айтып, одан тағы да көп видео күтетіндерін жазды.

Қалың көпшілік Димаштың видеосына лүпілдерін аямай, оның астына түрлі пікірлерін қалдыруда.

"Біздің сүйіктіміз Димаш қой" , "Кішкентай кезінде де сондай сүйкімді болған екен. Тәтті балапан", "Димаш бидің де шебері екенін білмедік" , "Бала күнінен өнерге жақын өзі" , " Тіл көзден сақтасын, ұзақ ғұмыр берсін" , "Димашок бала кезден алтын бала болган ғой. Тәрбиеліктеріңізге рахмет. Үлгі болатын ұл ғой", "Домбыра үніне билеп жүрген Димаштай" , "Алла жар болсын алтын бала" , "Әнге ғана емес, биге де бар екен өзі" , "Қанат аға жарайсыз, видео көп салып тұрыңыз", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең сымбатты 100 ер адам" халықаралық байқауында 20-шы орынды иеленгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882793-bidi-tbin-tsirgen-dimas-eldi-tnti-etti/