Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәния Джуринская: Тұрмысқа шыққым келмеген

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская тұрмысқа шығу мәселесіне қатысты жан сырын ақтарып, өзі туралы бірқатар қызықты мәліметтерді айтып қойды. Белгілі болғандай, шоу-бизнес жұлдызы ұзақ уақыт бойы тұрмысқа шыққысы келмей жүрген. Алайда, шынайы махаббатын 29 жасында кезіктіріп, сүйіктісімен отбасын құрды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская не себепті тұрмысқа кеш шыққаны туралы айтып, әлі қалыңдық атанбаған аруларға өз кеңесін айтты. Белгілі актриса бүгінгі күні қыздарды тезірек отбасылы болуға итермелейтін факторлар мәселесін көтерді. Ол бойжеткендерге біреудің айтқанымен емес, жүрегінің қалауымен тұрмысқа шығу керектігін алға тартты.

Өнер иесі терең ойға толы жазбасын Instagram парақшасында жариялап, ғашығына өз сезімін білдірді. Ол бүгінде заңды түрде күйеуі болған ғашығын 29 жыл бойы күткеніне еш өкінбейтінін жеткізді.

"Тұрмысқа шыққым келмеген. Мен сыныбымнан ең соңғы болып тұрмысқа шықтым. Қыздардың барлығы ақ көйлек киюді армандаса, мен мансабымды алға қойдым. Өтірік айтпай-ақ қояйын, жылына бір-екі рет мені отбасын құру туралы ойлар мазалайтын. Тұрмысқа шығып, бала туып тастау керек деп ойлайтынмын. Алайда, мен ішкі даусымды тыңдадым. Шүкір соған. Ол дауыс маған таптаурындарға берілмей, дәл өзіме сай адамды күтуімді талап еткен еді. Тұрмысқа біреу айтқан соң немесе қоғам талабы бойынша шыққым келмеді. Мен шынайы үлкен махаббатпен жар атанғым келді.

Қазір мен сондай бақыттымын. Сүйіктімді соңына дейін күттім. Мен сені қатты жақсы көремін. Сенен асқан ақкөңіл, қамқор, адал және сенімді адам жоқ. Менің ертегідегі ханзадам. Біздің қоғамға тән менталдылық кесірінен өз өмірімен өмір сүру қиын. Әрбір туысың уақыт келгенін айтып қалуға мүмкіндік табары анық. Біреу үшін бұл алға ұмтылуға, қадам жасауға итермелеуі мүмкін. Алайда, сансыз сөздерден кейін көпшілік алды-артын ойламастан үйлене салып жатады. Олар туысқандары мен жақындары мазасын алған қою үшін, бұрынғы махаббатарынан кек алу үшін немесе өз адамын күте шаршап отбасын құрып тастайды.

Өзгенің пікіріне бола өз тағдырыңмен ойнауға болмайды. Ол соған тұрарлық нәрсе ме? Ойланайықшы. Әркім некелесетін және отбасылық өмірдің жауапкершілігіне дайын болар жасы ір түрлі болып келеді. Өзіңізді ғана тыңдаңыздар. Мен махаббаттың не екенін жақсы білемін деп ойлап келдім. Оны баянсыз қарым-қатынастармен шатастырып келдім. Шынайы махаббаттың не екенін 29 жасымда ғана түсіндім. Өмір бойына ахаббатымыз таусылмасын. Қысқасы, "махаббатсыз сүйіспеңіздер", - деп жазды Джуринская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883007-znia-dzurinskaa-trmyska-sykkym-kelmegen/

pixel