Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасымызға бір жыл": Тәуекел Мүсілім мен жары некелескен күнін атап өтуде

Опубликовано:

Тәуекел жары мен молдамен
Фото: Instagram/mussilim

Тәуекел мен Махаббат Мүсілімнің шаңырақ көтергеніне бір жыл болды. Жарасымды жұп өткен жылы некелерін ресми түрде алдымен мешітте, одан кейін АХАЖ бөлімінде қидырған болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел мен Махаббат отбасыларына бір жыл толуына орай Instagram парақшаларында жүрекжарды жазбаларын жариялап, елді қуантты. Ерлі-зайыптылар бір-бірін атаулы күндерімен құттықтап, некелері қиылған күннен естелік суретпен бөліскен.

"Шаңырақ көтергенімізге 1 жыл болды. Аллаға шүкір" , - деген қысқаша жазба қалдырды актер.

Желі қолданушылары бірауыздан жас жұбайларды құттықтап, оларға өз ақ тілектерін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар, отбасыларыңыз үлкейе берсін. Кішкентайларыңызы көп болсын" , Өте жарасымды жұп. Сіздерге көз тимесін" , "Нағыз үлгілі отбасы. Тәуекел таңдауын керемет" , "Өмірлеріңіз бақытты, махаббаттарыңыз мәңгі болсын" , "Екеуі сондай тәтті, перзенттері де сүйкімді болар анық" , "Жақында ата-ана боласыздар, қандай күшті. Бәрі өз уақытымен" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел мен Махаббат Мүсілім Мысыр еліне саяхаттап барды. Ерлі-зайыптылар үйлену тойын карантин кесірінен жасай алмаса да, бал айына қалай болғанда да баруды шешкен.

Олар шетелдегі демалысы қалай өтіп жатқанымен барша оқырмандарымен белсенді түрде бөлісіп жүрді. Алайда, Мысырдағы қызықтарын көрсетпек болған жұп өздерінің құпиясын ашып қойды. Тәуекел түсірген видеолардың бірінде оның жарының іші шығып қалғанын байқауға болдаы.

Бейнежазбаны негізге ала отырып, желідегілер ерлі-зайыптыардың жақында ата-ана болатынын болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883083-otbasymyzga-bir-zyl-tuekel-msilim-men-zary-nekelesken-knin-atap-tude/

pixel